• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
02 Қыркүйек, 2010

Байқау жеңімпаздары марапатталды

736 рет
көрсетілді

“Нұр Отан” халықтық-демо­кра­тиялық партиясының Орталық ап­па­ратында “Елім деп соққан жү­регім” атты жалпы республикалық шығармашылық байқауының же­ңімпаздарын салтанатты түрде ма­рапаттау рәсімі өтті.  Оған “Нұр Отан” ХДП Орталық аппаратының мүшелері мен байқау жеңімпаздары қатысы. Шараның негізгі мақсаты халқымыздың шығармашылық әлеуетін білдіру арқылы ел жетістіктерін көрсету болды. Шығармашылық шараны ұйым­дастыруға бірден-бір себеп ол ке­ле­сі жылы бүкіл республика болып тойланатын ел Тәуелсіздігінің 20 жыл­дығының идеологиялық ма­ңыз­дылығы болса, сонымен қатар, “Нұр Отан” ХДП қоғамдық қа­был­дау бөлмесіне келіп түскен өті­ніш­тер, жобалар, шығармашылық идея­лар мен шығармалар себепші болып отыр. Естеріңізге сала кетейік, еліміз­дің бүкіл аймақтарын қамтыған аталмыш шығармашылық байқау осы жылдың мамыр айында бас­тал­ған болатын. Осы уақыт аралы­ғын­да аймақтық байқау комиссия­лары­на “Ең үздік өлең”, “Ең үздік әңгі­ме (эссе)”, “Ең үздік авторлық ән” номинацияларына  халықтан 500-ден аса байқау материалдары келіп түскен. Қоғам қайраткерлері, шы­ғармашылық интеллигенцияның беделді мүшелері, бұқаралық ақпа­рат құралдары мен ірі қауымдас­тық­тардың өкілдері кірген  респуб­ликалық байқау комиссиясының қарауына іріктелген 121 байқау материалдары берілген болатын. “Нұр Отан” халықтық-демокра­тиялық партиясының Орталық аппа­раты жетекшісінің орынбасары Мұхтар Тілдәбекұлы: “Бұл жоба­ның мән-мағынасы өте жоғары. Байқау – еліміздің түпкір-түпкірін­де танылмай жүрген талант иелері шабытының өркендеуіне себепші бо­лып отыр. Жеңімпаздарды анық­тау комиссия мүшелеріне оңайға соққан жоқ. Десек те, бізге келіп түскен байқау материалдарын жіті сараптан өткізіп, мынадай шешімге келдік”, – дей келе, жеңімпаздар­ды марапаттау рәсіміне кезек берді. Байқау комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша  23 байқау ма­териалы іріктелініпті. Нәтиже­сін­де “Мемлекеттік тілдегі ең үздік авторлық ән” номинациясы бой­ынша Серік Қалиев, “Мемлекеттік тілдегі ең үздік әңгіме (эссе)” но­ми­нациясында Алақан Ақын, “Орыс тіліндегі ең үздік әңгіме (эссе)” номинациясына Күләш Дар­баева, “Мемлекеттік тілдегі ең үздік өлең” номинациясында Сәуле Досжанова, “Орыс тіліндегі ең үздік өлең” номинациясында Константин Нестеров марапаттал­ды. Байқаудың барлық жеңімпаз­да­рына әр түрлі деңгейдегі диплом­дар, сондай-ақ, ақшалай сыйлықтар берілді. Жұлдыз БАЙДІЛДА ЕҰУ студенті.