• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
02 Қыркүйек, 2010

Фотосуреттер көрмесі ашылды

604 рет
көрсетілді

Әйтеке би ауданының орта­лы­ғы Комсомол ауылында “Та­рих тұң­ғиығына үңілейік” атты та­рихи-мәдени ескерткіштердің фо­тосурет көрмесі ашылды. Көр­менің осы ауданда ашы­луының да өзіндік себебі бар. Аудан аумағын­дағы Хан моласы қорымында  ХVІІІ ғасырдағы қа­зақ мемлеке­ті­нің қайраткері Әбіл­қайыр хан жерленгені тарих­тан белгілі. Мұнда Әбілқайыр ханның мәйітін зерттеу жұмыс­тары жүргізілуде. Фотосуреттер көрмесі аудандық “Халықтар достығы” мұражайында “Киелі мұ­раға тағзым” республи­калық акциясы аясында өткізілді. Оны ұйымдастыруға “Нұр Отан” ХДП Ақтөбе облыстық филиалы бастамашы болды. Көрменің ашылу салтана­тында сөз алған “Нұр Отан” ХДП Ақтөбе облыстық фи­лиалы төрағасының орынба­сары Дариға Байжанова осы аудан аумағын­дағы Хан мола­сы деген жерден тарих ғылым­дары­ның докторы, профессор Се­рік Әжіғалиев бастаған археолог­тар­дың Әбілқайыр ханның зи­ра­тын іздестіріп жатқанын, көрме экспонаттары мен мұражайлық құжаттардың осы жұмыстар ту­ралы хабардар ететінін, сондай-ақ, көрмеден жастардың өңір тарихы­мен та­нысатындығын жеткізді. Көр­ме­нің салтанатты ашылуынан кейін жиналғандар “Тыңгер” мәдениет үйінде облыс­тық тарихи-өлкетану мұражайы­ның ғылыми қыз­меткері Рысты Досованың “Әбілқайыр хан – тарихи тұлға” атты лекциясын тың­дады. Нұр­отан­дықтар аудан орталығындағы Мағжан Жұ­мабаев атындағы орта мектепке әр түрлі тақыраптағы танымдық кітап­тарды сыйға тартты. Сатыбалды СӘУІРБАЙ,   Ақтөбе облысы.