• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Қыркүйек, 2010

Жаңа міндет, жаңа сапа айқындалды

442 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жаңа 2010-2011 оқу жылының ашылу салтанатты рәсімі болып өтті. Оған ҚР Президенті Әкімші­лігі, Премьер-Министр Кеңсесі, Сыртқы істер министрлігі, Эконо­микалық даму және сауда ми­нистрлігі, Жоғарғы Сот, Индус­трия және жаңа технологиялар министрлігі, “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ-тың өкілдерімен қоса, Ханс Зайдель қорының Орталық Азиядағы жобасының жетекшісі, доктор Макс Майер, “TOTAL” компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің басқарушы директоры Жан-Люк Поршерон, сонымен қатар, ГФР, Франция және Еуро­па­лық Одақ дипломатиялық мис­сия­ларының басшылары қатысты. Еліміздің кәсіби мемлекеттік қызметшілерін даярлайтын және мемлекеттік басқару саласында ғылыми ұсынымдар әзірлеумен айналысатын аталмыш академия жаңа оқу маусымына 234 тың­дау­шы­ны қабылдады. Олардың ішін­де Дипломатия институтына 51 адам, Мемлекеттік және жергілікті басқару институтына – 102, Сот төрелігі институтына – 66, Мем­лекеттік саясаттың ұлттық мекте­біне 16 адам қабылданды. Салтанатты ашылу рәсімінде академия ректоры Арын Өрса­риев   Мемлекет басшысының алға қой­ған міндеттеріне тоқтала келе, бұл бағытта оқу орнының атқаратын қызметі айрықша екендігін атап өтті. Ол сондай-ақ өткен жылы ака­демия “Еур­азиялық монитор” агенттігінің рейтингісі бойынша мемлекеттік басқару саласында маман­данатын Орталық Азия және Кавказ жоғары оқу орында­ры­ның арасында бірінші орынды, сондай-ақ, Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуел­сіз қазақстандық агенттігінің нұс­қасы бойынша гуманитар­лық-экономи­калық ЖОО-лар­дың ұлттық рейтингісінде бірінші орынды иеленгендігіне ерекше тоқталды. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау барысында олардың шет­ел тілдерін меңгеру деңгей­лерін жетілдіру, кәсібиліктерін көтеру үшін шетелдік капитал тарту саласы бойынша жан-жақты толыққанды жұмыстар атқару сынды пікірлер де ашылу салтанаты барысында тілге тиек болды. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.