• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Қыркүйек, 2010

Ел тарихының сындарлы кезеңдерінен сыр шертеді

655 рет
көрсетілді

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “Атамекен” Қазақстан картасы” этномемориалдық кешенінде болып, ондағы Конституцияның 15 жылдығына орай ашылған жаңа диорамалық павильонды аралап көрді. “Мыңжылдықтар тоғысындағы Қазақстан” деп аталатын диорама­лық павильон этномемориалды кешен экспонаттарының арасында өзі­нің қайталанбас орнымен ерек­ше­ленеді. “Диорама” сөзі грек ті­лінен аударғанда “көрініс”, “оқи­ға” деген мағынаны білдіре­тін­дік­тен, бұл жерлерде Еуразия аума­ғын мекен еткен ежелгі адам­дар­дың қоныстануынан бастап, бүгінгі тәуелсіз Қазақстан дәуіріне дейінгі ел тарихының маңызды ке­зеңдері көрініс тауыпты. Сол се­беп­ті де, жарты шеңбер түрінде иілген бұл картиналар жұрт­шы­лыққа оқиғаның тап ортасында жүр­гендей әсер қалдырады. Яғни, ұсынылған әрбір диорамада әр дәуірдің ерекшелігі бейнеленіп, сол кезеңнің рухы айқын сезіледі. Мәселен,  Алтын Орда дәуі­рі­нен, қазақ халқының қалыптасу кезеңінен, Қазақ хандығының өркендеу және гүлдену дәуірінен, қазақ-жоңғар соғысы мен Қазақ КСР-інің құрылу кезеңінен, Ұлы Отан соғысы жылдары мен пан­фи­ловшылар ерлігінен, Тәуелсіз Қазақстанның құрылу уақытынан сыр шертетін көріністердің әрқай­сысының “өз айтар ойы” бар. Ал тәуелсіз Қазақстан жылнама­сы­ның айшықты символына айнал­ған  жас елорда – Астананың қа­лып­тасу және даму тарихы экс­по­зи­цияны тамашалауға келген жан­дарға өзгеше әсер сыйлары сөзсіз. Этномемориалды кешен ма­ман­дарының айтуынша, мұндай бас­тамалардың мақсаты –  жас­тарды патриотизмге тәрбиелеу, сол арқылы ұлттық сана-сезімнің қа­лыптасуына ықпал ету, тарихи-мә­дени мұра мен рухани құндылық­тарды насихаттау, қазақ халқының тарихы мен мәдениетінен сусын­дату. Бұл павильонды құрастыру үшін Қазақстанның Ә.Қастеев, К.Әжібек, А.Дүзелханов, К.Ахмет­жа­нов, О.Жұбаниязов, К.Баранов, Д.Үстеміров сынды белгілі сурет­ші­лерінің туындылары пайдала­ныл­ған екен. Олар Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер ака­демиясының дизайнерлік тобымен то­лықтырылыпты. Бұған қоса, К.Ақышев, Б.Аяған, А.Төлеубаев, З.Са­машев, Т.Жұмаханов, Т.Сады­қов, Г.Ган, А.Әбдіәкімов, Ш.Күміс­баев сынды еліміздің көрнекті та­рихшы, археолог, этнографтарының еңбектері де диорамалық көріні­с­тер­ге арқау болған. Президент Н.Назарбаев этно­ке­шенді аралау барысында ел та­рихының елеулі кезеңдеріне ар­нал­ған осы экспозицияларды та­машалап, сондай-ақ, елорданың сол жақ жағалауының макетімен танысты. “Атамекен” Қазақстан карта­сы” этномемориалдық кешенінің жаңа бөлігін көргеннен кейін Мемлекет басшысы Астана қала­сы­ның 11 сынып оқушыларымен және “Атамекен” патриоттар клубы­ның мүшелерімен кездесті. Мектеп оқушылары Елбасына өнерге, спортқа, саламатты өмір салтына, білім саласына қатысты өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды. Олардың ара­сында “Сізге қазақтың қандай күй­лері ұнайды”, “Мектепте оқып жүрген кезіңізден есіңізден кет­пейтін бір оқиғаңызды айтып бер­сеңіз?”, “Біздің елімізде бола­ша­ғын спортпен байланыстырғысы келетін жастар үшін қандай мүм­кіндіктер қарастырылған?” – деген сан алуан сауалдар да болды. Мемлекет басшысы өз кезегінде жастарға өмірде алда болуға, өзде­рінің алдына қойған мақсаттарына жетуге, осы жолда айрықша табан­дылық танытып, өмірден өз орын­дарын табуға тілектестігін білдірді. – Бүгінде “Болашақ” бағдар­ла­масы көптеген жасқа үлкен мүм­кіндік ашуда. Тек қана Аста­на­да 80 мектеп бар. Олардың ба­сым көпшілігі Астана құрылғаннан бері салынды. Жақында халық­ара­лық университет бой көтерді. Ин­теллектуалдық мектептер салыну­да. Оларға еліміздің талантты де­ген жастарын жинап, оқытатын боламыз. Яғни, еліміз қолға алған бұл бастамалардың барлығы тек сен­дердің болашақтарың үшін жа­салып жатыр. Әркімнің өзіне тән қабілеті болады. Сондықтан әркім өзінің жолын табуы қажет. Қазір­гідей бәсекелі заманда бәсекеге қабілетті азаматтар болып өсулерің қажет, – деді Н.Назарбаев. Осылай дей келе, Мемлекет басшысы жастарға оқуда табыс, өмірде денсаулық пен сәттілік ті­леді. Ал мектеп оқушылары ел жас­тарының әрбір қадамына қол­дау көрсетіп жүргені үшін Елба­сына өз алғыстарын жеткізді. Кез­десу соңында олар Президентке Астана қаласының келбеті бейне­ленген картинаны табыс етті. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.