Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламенттің төртінші шақырылымының кезекті сессиясындағы палата отырысы болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Депутаттар алдында сөз алған Төраға жұмыстың басталуымен құттықтай келіп, төртінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы Парламенттің қызметін жоғары бағалағанын және алдағы уақыттағы жұмыстың бағыт-бағдарын белгілегенін атап өтті.
Қ.Тоқаев Президент Н.Назарбаев белгілеген даму бағыттарын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін сапалы заңнамалық базаны қалыптастыру жөніндегі Парламент пен Үкіметтің бірлескен жұмысына сенім білдірді.
Отырыста депутаттар Конституцияның 55-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы қызметіне Нұртай Әбіқаевты тағайындауына келісім берді.