Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы Экономиканы модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Мемлекеттік комиссия мүшелері Қазақстан Республикасын үдемелі-индустриялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде әзірленіп жатқан минералды шикізат кешенін дамыту жөніндегі салалық бағдарламаларды, сол сияқты Қазақстанда ғарыш қызметін дамыту мәселелерін қарады.