Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшылары Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарын дамытудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ таяу уақытта “Орнықты даму және жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастық” негізгі тақырыбына айналатын Өскемендегі Қазақстан мен Ресейдің VІІ өңіраралық ынтымақтастығы форумын өткізу жайын талқылады.