Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі, ҚКП ОК хатшысы Лю Юньшань бастаған Қытай Халық Республикасы делегациясымен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық және шекара бойы қызметтестігін, сондай-ақ Қазақстан мен ҚХР арасындағы өңірлік іс-қимылдарды одан әрі тереңдету мәселелері бойынша пікір алмасылды.
Тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао арасында қол жеткізілген Қазақстан-Қытай стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайту жөніндегі уағдаластықтың табысты жүзеге асатынына сенім білдірді.