• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Қыркүйек, 2010

Табыс салығының көлемі жалақы мөлшеріне байланысты болады

612 рет
көрсетілді

Қазақстанда 2011 жылы жеке табыс салығы бойынша (ЖТС) прогрессивті шкала енгізу қолға алынады. “Қазақстан жаңалықтары” ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, республиканың Қаржы министрі Болат Жәмішев осылай деп мәлімдеген. “Келесі 2011 жылы жеке табыс салығы бойынша Қазақстанда прогрессивті шкала енгізіледі деп күтіліп отыр” деді ол Үкімет отырысынан кейін журналистер­мен кездесуінде. Ол сонымен бірге қазіргі таңда елі­міз­де жеке табыс салығы көлбеу шкала бойынша алы­нып, салық мөлшері 10 пайызды құрап отырғанын айтты. “Енді жаңа мөлшерлеме бойынша есептеліп шығарылатын жалақының мөлшеріне қарай ол 10, 15 және 20 пайызды құрауы мүмкін. Мысалы, қызметкердің жалақы ставкасы 250 мың теңгеден жоғары асса, одан ұсталатын ЖТС 15 пайызға теңеседі, ал 500 мың теңгеден көп болса, 20 пайыздық салық ұсталады”, – деді министр сөзінде. “Егемен-ақпарат”. Президенттің қаржы жүйесін тұрақтандыру туралы  тапсырмалары орындалды ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, кеше селекторлық кеңесте Премьер-Министр Кәрім Мәсімов осылай деп мәлімдеген. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның қаржы жүйесін тұрақтандыру туралы Үкіметке берген тапсырмаларының барлығы толық жүзеге асырылды. “Жағдайды пайдалана отырып мынаны айтқым келеді: Кеше БТА банктің қарызын қайта құрылымдау аяқталды, ол туралы Мемлекет басшысы да ресми түрде мәлімдеді, банктің  баспасөз  баянында да айтылды. Мемлекет басшысының қиын да күрделі 2009 жылдың басында қойған еліміздің банк жүйесін  тұрақтандыру жөніндегі міндеттерінің барлығы орындалды, деді Үкімет басшысы. Осы орайда Премьер-Министр Қазақстанның қаржы жүйесін тұрақтандыруда атқарған жұмыстары үшін Қаржы қадағалау агенттігіне, Ұлттық банкке, “Самұрық-Қазына” қорына, сондай-ақ еліміздегі жүйе құраушы банктердің менеджменттеріне риза­шы­лығын білдірді. “Өткен қиын жылдарда, күрделі кезең­дерде біз сыннан сүрінбей өттік. Біздер қиын да күрделі бір жарым жылдың ішінде іс жүзінде апта сайын күрделі шешімдерді қабылдадық. Ортақ жауап­кершілікті сезіндік. Соның нәтижесінде қаржы жүйе­сіндегі жағдай тұрақтандырылды”, деді К. Мәсімов. Үкімет басшысының айтуынша, бұл ретте банк жүйесіне қатысты елімізде жинақталған тәжірибелерді ескере отырып, бұл бағыттағы келешектегі іс-қимылдарды нақты жолға қою керек. Бұл еліміздің экономикасын, түптеп келгенде халқымызды қорғау үшін, олардың бәсекеге қабілетті болуы үшін қажет. Айта кету керек, осы ретте Үкімет бүгін банк қызметінің және қаржылық ұйымдар тәуекелдердің төмендету бөлігіндегі мәселелер бойынша бірқатар заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады.