• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
04 Қыркүйек, 2010

Өркениетке жетелеген өңірлік семинар

508 рет
көрсетілді

Әділет министрлігінің Зият­кер­лік меншік құқығы комитеті Қара­ғанды облысының әділет депар­таментімен бірігіп, Қарағанды қаласында “Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғаудың кейбір мәселелері” тақырыбында өңірлік семинар өткізді. Семинар жұмысына құқық қорғау, кеден, әділет органдары мен жергілікті атқарушы органдардың және қоғам­дық ұйымдардың өкілдері, құқық иеленушілер, сондай-ақ авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланушылар қатысты. Семинардың мақсаты ғылым, әдебиет және өнер туын­дыларын коммерциялық негізде пайдаланатын тұлғалардың құқықтық сана деңгейін арттыру, сондай-ақ авторлық және сабақтас құқықтарды қорғаудың өзекті мәселелерін шешу жолында тұрған кедергілерді анықтау болды. Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары Ш.Әбдіреева атап өткендей, біз жаңа технологиялар ақпаратты таратуға жаңа мүмкіндіктер беретін жаңа ғасырда өмір сүреміз. Өкінішке қарай, осы технологияларды пайдаланған кезде авторлардың құқықтарына қысым жасау фактілері орын алуда. Ең дұрысы – туынды көпшілік қауымға кішкентай шығынға және қысқа мерзімде қолжетімді болатын авторлық құқық объектілерін ақпараттық ағында пайдалану. Халықаралық шарттар мен келісімдер авторлық құқық саласындағы Қазақстанның міндеттерін көздейді. Осыған орай, біздің алдымызда тұрған міндет – туындыларға құқықтарды тиімді қорғауды қамтамасыз етіп, құқық иеленушілер мен пайдаланушылар арасында өркениетті қарым-қатынас құруға ықпал жасау. Семинарға қатысушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға толық жауап алды, сондай-ақ ғылым, әдебиет және өнер туындыларына авторлардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерінде одан әрі ынтымақтастықты нығайту жолдарын белгіледі. “Егемен-ақпарат”.