Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Үкімет жанындағы Экономиканы модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы болып өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Мемлекеттік комиссия мүшелері Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде әзірленіп жатқан электр энергетикасы кешенін дамыту, сондай-ақ Қазақстандағы тариф саясаты жөніндегі салалық бағдарламалардың жобаларын қарады.