• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
18 Қыркүйек, 2010

Партия пәрменін арттыру – уақыт талабы

534 рет
көрсетілді

Кеше Астанада “Нұр Отан” ХДП Парламентаризм институты партияның Халықтық тұғырнамасын жүзеге асыру барысы жөнінде ғылыми-практикалық семинар өткізді. Институт директоры Болат Байқадамов модераторлық еткен семинарда 2007 жылдан бергі тұғырнаманы жүзеге асырудың проблемалық тұстарын анықтау мен оның мақсаттарына қол жеткізу перспективалары қаралды. Тұғырнама 2007 жылы 4 шілде­де қабылданып, сайлауда партия­ның жеңісін айқындап берген бағдарламалық құжат қана емес, электоралды кезең аралығындағы басты бағдар да болып табылады. Осы ретте “Нұр Отан” ХДП Орта­лық аппараты басшысының орын­басары Расул Оразғұлов Тұғырнама жұмыс желісін тапқандығын ерек­ше атап өтті. Әйтсе де соңғы үш жылдың жұмысын қорытындылау қажет. Партия лидері тапсырма­ла­рын орындауда тиімділік жетіс­пеуде. Мәселен, не жасалса да оны индустриялық-инновациялық жоба дегенге телінуде. Расул Қабдол­ла­ұлы елдің ішкі жағдайын кешенді тұрде талдау керектігін тілге тиек ете отырып, қалған екі жыл ішінде сайлауалды міндеттемелерді толық орындау үшін жүйелі жұмыс қажет­тігіне тоқталды. Әсіресе, бюджет қаражатына бақылау жасау, мем­ле­кеттік шығынды қысқарту, бизнес климатты жақсарту, мемлекет пен жеке меншік әріптестігін дамыту және тағы басқа міндеттерді нақты орындау қажет. Халықтық тұғырнаманың тиімді жүзеге асырылуын Мәжілістегі “Нұр Отан” ХДП фракциясы жа­нындағы Әлеуметтік кеңестің төр­айымы Айткүл Самақова жан-жақ­ты айтып берді. Мәселен, ден­сау­лық сақтау саласына бағытталған қаржы 1,5 есеге өскен. Ал 2012 жылы оның көлемі тағы екі есеге дейін ұлғаяды деп күтілуде. Елі­мізде 200-ден астам денсаулық сақтау мекемелері салынса, кепілді медициналық көмек 2007 жылы 1,4 есеге артқаны белгілі. Ал білім саласына бөлінген қаржы 11 пайызға өсіп, 250 мектеп салынған. Индустриялық-иннова­циялық бағдарлама аясында 90 мың жұмыс орнын ашу көзделсе, тағы 100 мың адамды оқыту жоспар­лан­ған. Осы орайда Айткүл Байғазы­қы­зы кейбір проблемаларға да на­зар аударта кетті. Қазіргі таңда өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатары көп, алайда болашақта олар әлеуметтік зейнетақы ғана ала ала­ды. Жұмыс істейтін жүкті әйелдер сияқты өзін-өзі жұмыспен қамты­ған аяғы ауыр әйелдерге де жалақы төленуі тиіс. Қазақстан Президентінің кеңес­шісі Ермұхамет Ертісбаев өзінің “Саяси жүйенің тұрақтылығы мен теңгерімділігін қамтамасыз ету” атты баяндамасында елді бас­қа­ру­дың ұзақ мерзімді перспектива­лары­на ерекше ден қойды. Оппонент­те­ріміз бізді КОКП-мен салыс­ты­рады, дей келіп, Ермұхамет Қаби­денұлы қазіргі кезде елімізде саяси бәсекелестік орта қалыптасқанын атап көрсетті. Бірақ “Нұр Отан” болашақта да жеңіс биігінен көріну­ді көздейді. Бұл ретте партияның Халықтық тұғыр­намасы қуатты күшке айналмақ. Бұдан кейін сөз алған Индус­трия және жаңа технологиялар вице-министрі Берік Қамалиев, Мәдениет министрлігі Қоғамдық-саяси жұмысы департаменті дирек­торының орынбасары Василий Порубаймех және Ерекше тапсыр­малар жөніндегі елші – ЕҚЫҰ департаментінің директоры Сержан Әбдікәрімов өз салалары бойынша атқарылған жұмыстар туралы әңгі­мелеп берді. Парламент депутаттары мен мем­лекеттік органдар қызмет­кер­лері, партия Орталық аппараты мен өңірлік филиалдар және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысқан семи­нар талқылау және пікір алмасумен аяқталды. Нәтижесінде партияның Орталық аппаратына, мемлекеттік органдарға және өңірлік филиал­дар­ға семинардың ұсынымдары жолданатын болып шешілді. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.