• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
08 Қазан, 2010

Аудан айнасы “Достық” газетіне 80 жыл толды

1040 рет
көрсетілді

Әуелгі кезде бұл газет “Социалистік жол” де­ген атпен жарық көрген. Алғашқы редакторы бел­гілі журналист Жармақ Ыбыраев, алғашқы жа­уап­ты хатшысы ақын Сәду Машақов болған. Га­зетке “Достық” аты 1962 жылы көктемде берілді. Бұл газетті әр жылдары Ғ.Әміров, М. Нұр­ғали­е­ва, Яғали Жәйкенов, Айтмұханбет Орман­бетов, Гүлшира Шегірова, Қапан Сапарғалиев, Манап Салықбаев, Орынбасар Тәшенов, Болат Зәкенов, Бекен Жапаров, Әмина Сақажановлар басқарып, газеттің халықтың тірегіне, жаңалықтар жаршы­сына айналуына үлкен үлес қосты. Әубәкір Нілі­баев, Зарықбай Ыбыраев, Тоқтарбек Қызық­баев, Асқар Егеубаев, Марат Қабанбаев, Нұрлан Мәу­кенұлы, Қай­ролла Әліпбаев, Ғалым Байба­тыр­ұлы, Рахмет Түл­кин, Мәкеш Әукебаев, Қи­наш Серік­баев, Әбет­хан Тоқтағанов, Сәруар Қаб­дір­зақова, Ар­дақ Бөл­дек­баева, Мырзабек Бүй­ін­шаров, Май­рагүл Мағ­зұ­мова, Мәрия Сақажанова, Сайранбек Азбаев секілді алды елімізге, арты Шығыс өңіріне танымал ақын-жазушылар, журналистер осы газеттен түлеп ұшты. Бекен Жапаров, Әмина Сақажанова, Жаңыл­­сын Бақбаева, Гүлнәр Иманқұловалар газетте ұзақ жыл­дар жемісті қызмет етіп, аудан халқының сүй­ікті жур­налистеріне айналды. Майшекер Қуаны­шева, Тұр­сынхан Оспанов, Қайрыкен Оқасов, Тұрысбек Еділ­баев секілді өмірдің әр саласында жемісті қыз­мет атқарған қоғамдық тілшілер газетпен тұрақты байланыста болды. Еліміз өз тәуелсіздігіне ие болғаннан бері аудан­дық газеттердің арасында тез ес жинап, нарық жағ­дайына бейімделе білген басылым­дардың бірі де осы “Достық” газеті. Өз оқыр­ман­дарын көп жоғалтпай, жүйелі жұмыс істеп отырды. Аудандық газеттердің арасында облыста алғашқылардың бірі болып компьютерлендірілді. Газеттің тұрақты шығуына, материалдық-тех­никалық базасын сақтап қана қоймай оны жа­ңартуына Зайсан ауданының әкімдігі көмектесіп отырды. Сұңғат ӘЛІПБАЙ.