Жастар жарап жүр
Жуырда Польшаның Карпач қаласында каратэ-до шотаканнан кадеттер мен жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бәсекеге қатысқан 32 елдің
ішінде үшінші орынды жеңіп алды.
Бұл сынға елімізден 12 спортшы аттанып, соның бәрі 16 алтын және 6 күміс жүлдемен оралды. Басқа елдердің құрамаларында 50-ден астам өкіл болғандығын ескере отырып, Қазақстан құрамасына осыншама алтын және күміс медальды жеңіп алуы үлкен жетістік деуге болады.
Дастан КЕНЖАЛИН.