• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
13 Қараша, 2010

Күзгі жәрмеңке

736 рет
көрсетілді

“Туған ел – алтын бесігім” акциясы бойынша таяуда Аягөз ауданы еңбекшілерінің жәрмеңкесі Өскеменде дүркіреп өтті. Метал­лургтер Мәдениет сарайы алдында аудан диқандарының игілігі – нан, нан-тоқаш тағамдары, ондаған тонна қой, ірі қара, жылқы еттері сатылды. Оның бағасы арзан, ірі қара етінің килосы 600-500 теңге болса, қазының бір килосы 1200 теңгеден асқан жоқ. Аудан әкімі Әнуарбек Мұхтар­ханов жәрмеңкеге өзі қатысып, биыл аягөздіктердің “Жол картасы” бойынша атқарып жатқан істері, әлеуметтік ғимараттардың салынуы және аудан экономикасы жайлы айтып берді. Абыздар мен аңыздар жерінен келген өнерпаздар күндіз де, кешкілік те қалалықтар алдында өз өнерлерін ортаға салды. Биылғы ерекшелік, облыс әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен дү­ниеге келген осы акция Өскемен мен Семейде бір күнде қатар өтіп жа­тыр. Бұрынғы Семей облысының аудан­дары Өскеменге келіп, ал Шы­­ғыстың аудандары Семейге барып қарым-қатынасты тереңдете түсуде. Оңдасын ЕЛБАЙ, Өскемен.