• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
23 Қараша, 2010

Француздар қазақтарды тани түсті

1086 рет
көрсетілді

Кәрі құрлық – Еуропада өз тарихымен, әлемдік мәдениет пен әдебиетке қосқан үле­сімен ерекшеленетін бір ел болса, ол – Фран­ция. Эйфель мұнарасы, Лувр, Версаль, Булон тоғайы, Елисей алаңы, Монмартр, Монпарнас, Пантеон, Помпиду орталығы, Нотр-Дам де Пари, Триумфальді қақпа, Тюильри бағы, Марс алаңы, Пэғ-Лашэз, Мадлен, Сент-Шапель шір­кеулері, т.с.с білмейтін адам кемде-кем шығар. Еуропаның қиыр батысында Испания, Бельгия, Италия, Германия, Швейцария сынды елдермен көршілес жатқан осы бір француз жұртына биыл күзде Қазақстан Республикасының Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев ресми сапармен барып қайтты. Ал биылғы жылы біздің еліміз төрағалығын атқарып отырған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) келсек, мұнда да Париж үлесі айтар­лықтай. ЕҚЫҰ тарихында Париж Хартиясы деген атаумен белгілі тарихи құжат осы қалада қабылданған еді. Біздің тілшіміз Қазақстан Республикасының Франциядағы Төтенше және өкілетті елшісі Нұрлан ДӘНЕНОВПЕН Ғаламтор арқылы хабарласып, Мемлекет басшысының сапары және алда өтетін ЕҚЫҰ Саммитіне қатысты сауалдар қойған болатын. – Құрметті Нұрлан Жұмағалиұлы, өзіңіз жауапты етіп бекітілген ел – Фран­цияда жуырда ғана Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев болды. Сапар табысты өтті. Оның қорытындысы жайынан жалпы жұртшылық хабардар. Дегенмен, қысқаша тоқтала кеткен артықтық етпейді ғой деп ойлаймыз. – Қазақстандық БАҚ-тарда, соның ішінде, әсіресе “Егеменде” бұл айрықша ма­ңыз­ды сапар жайын егжей-тегжейлі қамтыған мақалалар жарық көрді. Сонда да болса оның нәтижелерін әлі ой еле­гінен өткізу қажет деп білемін. Өйткені, олардың алыс болашақты да көздейтін оң нәтижелері бар болатынына шүбә жоқ. Франция БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі және Еуропаның жетекші елдерінің бірі ретінде Қазақстанмен стра­тегиялық әріптестікке де баса мән береді. Франция Президенті Николя Саркози Қа­зақстан Президенті Нұрсұлтан Назар­баев­пен ғаламдық және өңірлік қауіпсіздік, әл­емдік саясаттың көкейкесті проблемалары бойынша мүддеден шығатын үнқатысуды тұрақты түрде жүргізіп келеді. Қазақ-француз қарым-қатынасын ба­ғалауда соңғы кездері қолданылатын “стра­тегиялық әріптестік”, “қалаулы ын­ты­мақтастық” ұғымдарының астарында те­рең мағына, барлық деңгейдегі күрделі ты­ным­сыз жұмыстар мен мүдделердің үн­де­суі жатыр. Бұл сынды жоғары саяси мағыналы бағалау шын мәнінде екіжақты ынтымақтастықтың бүгінгі сапалық жағдайынан, Қазақстан мен Франция көшбасшыларының Астана мен Парижге соңғы сапарлары мен келіссөздерінің қорытындысынан ашық көрінеді. Қол жеткізілген уағдаластықтардың нақты көрінісін халықаралық аренадағы екі елдің өзара ықпалдастығы мысалынан да аңғаруға болады. Яғни, мемлекет басшылары деңгейін­де Астанада ЕҚЫҰ Саммитінен бір ай бұрын Парижде осы Ұйымның күн тәрті­біндегі ең маңызды мәселелер бойынша пікірлер алмасылды. Н.Саркози Қазақ­станның ЕҚЫҰ-ға төрағалығындағы қызметін, Елбасының теңгерімді сыртқы саясатын, оның өңірдегі тұрақтандырушы рөлін жоғары бағалады және келе жатқан саммитке қатысатынын тағы растады. Бұл дегеніңіз, Астанада жоғары деңгейде өте­тін кездесудің ерекше мәнділігін аңғар­тып, Францияның ЕҚЫҰ-ға мүше елдер­дің барлық көшбасшыларына өзі тұрғы­сынан беріп отырған белгісі. Париж ЕҚЫҰ күн тәртібіндегі кейбір өткір мә­се­лелерді шешуде біздің Елбасының ха­лықаралық танымал беделіне арқа сүйеп отыр. Сонымен қатар, Президент Н.Сарко­зи­дің Т–20-дағы Францияның төраға­лығы кезінде әлемдік экономика мен қаржы мәселелері бойынша Қазақстан Көшбас­шы­сымен кеңес өткізуге дайын екендігі де айтарлықтай ескерілетін нәрсе. Оның әлемдік валюта және әлемдік экономи­ка­ның дағдарыстан кейінгі дамуы жөніндегі Президент Н.Назар­баевтың мақалалары мен сөйлеген сөздерінде келтірілген идея­лармен жақсы таныс екенін атап өткен жөн. Сондай-ақ сапар барысында фран­цуз­дың ең жаңа технологияларын пайда­ла­нуға байланысты индустриялық-эко­но­микалық ынтымақтастықтың сапалы жаңа көк­­жиек­тері, яғни болшақтағы даму бағыттары нақ­ты айқындалып, уағдалас­тықтар белгіленді. Аталған сапар күндерінде мәдениет пен ғылым салаларында тағы бір жаңа маңызды бетбұрыс көрініс берді. Алғаш рет француз қауымын біздің елдің бай мәдени мұрасымен таныстыруға қол жетті. Қазақстан басшысының Францияға ресми сапары барысында атқарылған шараларды француздар жемісті деп бағалауда. Парижде өткен келіссөздер екі ел қатынасының стратегиялық сипатын бекітіп, онсыз да екі көшбасшының арқасында бұрын-соңды болып көрмеген динамикаға ие болып, көп салалы, сан түрлі жоспарларға негізделген ынтымақ­тастықтың одан әрі дамуына қуатты серпін берді. Президент Н.Назарбаев өзінің сапарын қорытындылай келе, оны тарихи деп атауы кездейсоқ емес. – Қазақ-француз стратегиялық әріп­тестігінің бір тірегі – сауда-экономи­калық ынтымақтастық болып саналады. Сапар кезінде осы бағытта қандай жаңа қадамдар жасалды? – Алдымен айтатыным – осы сала­дағы ынтымақтастықтың жаңа сапалы деңгейге көтеріліп отырғаны басы ашық мәселе. Екі ел арасында сауда-эконо­ми­калық ынтымақтастықта қол жеткізілген уағдаластықтар және қол қойылған келісімдер елімізде іске асырылып жатқан индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының мақсаттарына толық сәйкес келеді. Сапалы, бүгінгі заманғы жаңа жобалар шынымен де шепбұзғыш сипатқа ие. Он компания (“Areva”, “Alstom”, “Aіr Lіquіde”, “Aubert et Duval”, “EADS-Astrіum”, “EADS-Eurocopter”, “CEІS”, “Thales”, “Vіcat” және “Vallou­rec”) Президент Н.Назарбаевқа Қазақ­стан-Франция индустриялық-иннова­циялық әріптестіктің өзекті элементтері болып табылатын өнім және зауыт ма­кеттерін, жоба бойынша фото және бейне материалдарды көрсетті. Ең ірі деген француз компанияларының басшылары индустриялық-инновациялық бағдар­ла­маның маңызды құрамдас бөлігі санал­а­тын жобаларды іске асыру барысы туралы баяндады және біздің елдегі жұмыс­та­рының болашақтағы даму жоспарлары туралы әңгімеледі. Әңгіме соның ішінде баламалы энер­гия көздерін дамыту, біздің еліміздегі крем­нийден алынған фотовольталық мо­дульдің өндірісі, тікұшақ құрастыру және оған техникалық қызмет көрсету, атом энергетикасында жылу бөлетін құрас­тыр­маны өндіру саласында бірлескен қызмет, ғарыш аппараттарын, бірлескен өнімде жергілікті мазмұн үлес салмағы жоғары электровоз құрастыру, жоғары техноло­гия­лардың нақты трансферті жөнінде бо­лып отыр. Жалпы алғанда, сапар бары­сында ши­кізаттық емес секторда бұрын-соңды болмаған көлемде – 2 миллиард еуродан аса 20-дан астам келісімдер мен шарттарға қол қойылды. Қарапайым тілмен айтқанда, энергетика, темір жол және әуе жол көлігі, ғарышты игеру, қор­шаған ортаны қорғау, қаржы, ауыл ша­руа­шылығы, білім беру және басқа да са­лалардағы ынтымақ­тас­тықты кеңейтудің жаңа мүмкіндіктері мен нақты даму жолдарының тынысы ашылуда. Үкіметаралық комиссияның қосарлас төрағасы саналатын, Францияның Сырт­қы сауда жөніндегі мемлекеттік хатшысы Анн-Мари Идрак екі елдің 300-ден астам іскер топ өкілдері жиналған бизнес-фо­румда Мемлекет басшысының сапары ең жоғары деңгейдегі үнқатысумен тұрақты түрде тереңдетілген екіжақты қарым-қа­ты­настағы “жаңа ұлы күн” деп мәлімдеді. Ол Қазақстан Францияның Орталық Азия­дағы басты әріптесі деп атап көрсете келіп, Қазақстан Президентінің өз елінің бола­шағын ап-айқын және жарқын көре алатынынан әсер алғанын атап өтті. – Елші мырза, Астанадағы ЕҚЫҰ Саммиті қарсаңында біздің оқырман­дарымыз үшін осы беделді Ұйым шең­берінде Қазақстан-Франция ынтымақтас­тығы қалай дамып жатқанын білу қызық болар еді. – Екі елдің стратегиялық әріптестігі Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығын бас­таған күннен және оған дайындық кезеңі кезінде ашық көрінгенін атап өту керек. Көпшілікке аян, бұл Ұйым соңғы жыл­дары өзінің қызметінің басты бағыттарына қатысты өте төмен тиімділік пен теңге­рім­сіздігі үшін әділетті түрде сынға ұшыраған болатын. Сондай-ақ бәрімізге мәлім, төрағалық қызметін атқарған бір жылдың ішінде 56 мемле­кет­ті біріктіретін Ұйым­ның жұмысына Жер шарында үшінші мыңжылдық бастауында жаңа бағалаулар жүріп, сайма-сай іс-әре­кеттерді талап ететін ірі оқиғалар болып жатқанында оның қызметіне түпкілікті өзгеріс енгізу де қиын екені анық. Сондықтан да және тіптен 2010 жыл Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуының 65 жылдығы, Хельсинки Қорытынды актісінің 35 жылдығы және жаңа Еуропа үшін Париж Хартиясының 20 жылдығы екенін ескере отырып, Президент Н.На­зар­баев ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуді бас­та­мас­тың алдында Н.Саркозимен Ұйымның саммитін өткізудің мақсатқа сай екендігін талқылаған болатын. Бұл идея Франция Президентінің 2009 жылдың қазанындағы Астанаға мемлекеттік сапары барысында қолдауға ие болды. Әйтсе де, сол мезетте бірде-бір еуропалық көшбасшы ЕҚЫҰ сыртқы істері министрлерінің соңғы жылдар жиылысында, тіптен сыртқы істер министрлері деңгейіндегі қорытын­ды құжатты қабылдауға қол жеткізбегенін ескере отырып, бұл жағдай мүмкін болады-ақ деп ойлаған да жоқ. Оның мән-жайына терең бойлағым келмейді, себептері жеткілікті түрде жақсы белгілі және олар жөнінде аз айтылған жоқ. Тағы бір назар аударатын жәйт – Фран­ция жиналып қалған ғаламдық қау­іпсіздік проблемалары турасында, әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс фонында Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына және басқа да ірі халық­аралық институттар қызметтеріне соңғы уақытта терең өзгерістер қажет деген мә­лімдемелерді барған сайын табанды­лықпен жасай бастады. Біздің Президенттің ЕҚЫҰ бағдары жөніндегі бастамасын Парижде бәрі естіп білді және біздің төрағалығымыздың барлық кезеңінде Франция бізге қолдау көрсетіп келді және көрсетуді жалғас­ты­руда. Бұл қолдау жылдың басында-ақ, Францияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы кезінде Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевтың Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы басымдық­тарын жария етіп, сөйлеген кезінде кө­рінген. Бұған Қазақстан мен Франция сырт­қы саясат ведомстволары басшы­ла­рының тұрақты кездесулері, консульта­ция­лары және хат алмасулары, Венадағы екі ел миссияларының өзара тығыз ық­пал­дастықтары дәлел бола алады. Әрине, Францияның қолдауы ЕҚЫҰ қызметінің барлық бағыттары бойынша біздің жұмсар күш-жігерімізде сенімділік бермеуі мүмкін емес еді. Істелген қым-қуыт жұмыс нәтижесінде бүгін тіпті Ас­танадағы ЕҚЫҰ Саммиті туралы айта аламыз. Оны өткізудің маңыздылығын және табысты қазақстандық төрағалықты іс үстіндегі саясаткерлер ғана емес, сон­дай-ақ бұрынғы белгілі саясаткерлер де айтуда. Францияның бұрынғы сыртқы іс­тер министрі Ролан Дюма ЕҚЫҰ-ның жу­ырда болатын ЕҚЫҰ Саммитінің мәнді­лігін атап көрсете келіп, қазақ­стан­дық төрағалық Ұйым қызметіне жаңару әкелді, деп атап өтті. Хельсинки Қоры­тынды актісіне қол қойған Францияның бұрынғы президенті Валери Жискар Д'Эстен қа­зақстандық дипломатияның ашықтығын, оның халықаралық толе­рант­тылықты нығайтуға және ұжымдық қауіпсіздік жүйесін күшейтуге деген ұмтылысын атап көрсетті. – Өткен ғасырдың сұмдық екі соғысы Еуропада басталып, кейіннен бүкіл әлемге жайылды. Осыған байланысты қауіпсіздік мәселелерін бұл тек Еуропаның ғана бас ауруы және жеке Еуропаның ісі деп қарауға келмейді емес пе? 11 жылғы үзілістен соң ұйымдастырылып жатқан саммитке француз делегациясы қандай ұсыныстармен келмек? – Ең алдымен, Франция жоғары ха­лық­аралық бедел мен ықпалға ие бола отырып, ЕҚЫҰ-да басты рөлдердің бірін ойнайды. Бұл оның бюджетке төлейтін жарғысының көлемінен, сондай-ақ осы Ұйымда тұрақты жұмыс атқаратын қыз­меткерлер құрамынан да білінеді. Осы­лардың арқасында Ұйымның шеңберінде өзінің бастамаларын алға жылжыта ала­ды, бұл және 2008 жылы еуропалық қау­іпсіздік бойынша Франция Президенті ұс­­ынған ЕҚЫҰ-дағы басталған үнқа­ты­судан да айқын көрінеді. Бұл үнқатысу Корфудағы сыртқы іс­тер министрлерінің бейресми отырысын­да нақты келбетін тапты. Және де 2009 жылы желтоқсанда Афинадағы Сыртқы істер министрлері кеңесінің шешімімен қол­дауға ие болды. Оқырмандарға түсініктірек болу үшін айта кетейін, бұл жұмыс дағ­дарыстарды ескерту жолымен, Еуропадағы қауіпсіздікті нығайтуға, сондай-ақ терро­ризм және ұйымдасқан қылмыс сияқты қауіп-қатерлерге қарсы тұруда бірлескен күш-жігердің негізінде Еуропаның өзін күшейтуге бағытталған. Жоғарыда айтқанымдай, Қазақстан мен Франция көшбасшыларының ара­сындағы екеуара ерекше қарым-қатынас көп жағынан биылғы жылдың 1-2 жел­тоқсанында Астанада ЕҚЫҰ Саммитін шақыру идеясының алға басуына көмек­тесті. Франция саммиттен қауіпсіздік сала­сындағы ЕҚЫҰ мақсат-міндеттеріне жету жолында барлық 56 мүше мемле­кет­тің күш-жігерлері бірігетіндігінің рас­та­латын­дығын күтеді. Париждің есебінше, Астана Саммиті Грузиядағы, Молдова­да­ғы, сон­дай-ақ Армения мен Әзірбай­жан­дағы со­зы­лып кеткен дағдарыстарды рет­теу­де про­греске жету үшін жағдай жасайды. Одан басқа, жуырда болатын саммит Париждің пайымында Ұйымға мүше мемлекеттердің арасындағы, соның ішінде кәдімгі қару-жарақты қысқарту мен мөлдірлік сияқты мәселелердегі се­німді елеулі түрде нығайтуға көмектесетін болады. “Қырғи-қабақ” соғыстың біт­кендігін білдіретін құжатқа қол қойылған елдің сыртқы саясат ведомствосының қабырғасында 2010 жылы 28 қазанда Париж Хартиясының 20 жылдығына ар­налып, Мемлекет басшысының қаты­суы­мен өткен конференцияны ашып тұрып, министр Б.Кушнер “Еуропаның аума­ғын­да соңғы 20 жыл бойы көп дағдарыс жиы­лып қалды. ЕҚЫҰ Саммиті осы про­блемаларды ойластыруға мүмкіндік беруі ықтимал. Париж Хартиясының басты ба­ғыттарын іске асыруда Нұрсұлтан На­зар­баевтың басшылығымен ЕҚЫҰ елдерінің прогреске жетуі қолдарынан келетініне күмәнданбаймын”, деп атап өтті. Өкінішке қарай, Хельсинки Қорытын­ды актісі қабылданған күннен бастап жеткілікті уақыт өткеніне қарамастан, ЕҚЫҰ кеңістігінде проблемалар өзінен-өзі жоғалып кеткен жоқ, қайта жаңа форма­ларға ауысты, қауіп-қатерлер мен адамзат баласының алдында сынақтың жаңа түрлері пайда болды. Осыған бай­ланысты аталған конференцияға қа­ты­сушылардың сенімдері бойынша, Астана Саммиті ажы­рамас еуроатлантикалық және еуразиялық қауіпсіздік мәселелерін талқылау үшін айрықша мүмкіндікке ие болмақ. Француз сыртқы саясат ведом­ствосының басшысы кездесу қорытын­дысын жасай отырып, Париж Хартиясы мен Хельсинки Қоры­тынды актісі туралы айтылатынындай, келешекте Астанадағы кездесу туралы да айтылатынына үмітін білдірді. – Біздің сұхбатымыздың басында сіз Қазақстан-Франция ынтымақтастығы барлық бағыттар бойынша дамуда және Қазақстан Президентінің сапары екі елдің бұрынғыдан да жақындасуына сеп болға­нын айттыңыз. Біздің елге барған сайын саяси және экономикалық топ өкілдерінің Қазақстанға деген назары арта беретіні түсінікті, ал енді француз халқының ара­сында Отанымыз қаншалықты танымал? – Бұл өте маңызды әрі көкейкесті мәселе және осы жұмысты толыққанды атқаруда жасалатын істер әлі де болса аз емес. Бірақ, осы бастан мына жәйттерді айтып өтуге болады. Францияда Қа­зақстанның тарихы мен саясаты, бүгінгі таңдағы дамуы туралы жыл сайын шы­ға­тын кітаптар, фильмдер, мақалалар, мате­риалдар барған сайын көбейіп келеді. Француздардың өзі де түрлі мақсаттармен біздің елге көптеп келіп кетуде. Осының бәріне, сөз жоқ, ең алдымен мемлекет көш­басшылары Н.Назарбаев пен Н.Сар­кози, сондай-ақ үкіметтік деле­га­циялар, парламентарийлер және ірі биз­нес өкілдері келіссөздерінің нәтижелері оң ықпал етуде. Соңғы уақытта ғылым, мәдениет және білім саласында барыс-келіс, тәжірибе алмасулардың тұрақты үрдісі байқалады, Қазақстанмен түрлі достық құру негізін­дегі қауымдастықтар мен біріккен ұйым­дар пайда болуда. Және мұның өзі Қазақ елі мен француз жұрты қатынасының орбитасына енген адамдар тобының қа­тарын көбейтуде. Францияда қазақ кино­сын біледі, қазақстандық әртістердің концерттері мыңдаған көрермендер жи­найды. Осы күндері көптеген фран­цуздар Францияда кеңінен танымал журналист, жазушы Пьер Люк Сегийонның жаңадан шыққан “Қазақстан Еуразияның өзегі” атты кітабын үлкен қызығушылықпен оқуда. Францияда Қазақстанға деген қызы­ғу­шылықтың артып келе жатқанына біз­дің Президенттің Францияға сапары уа­қы­тында көзіміз жетті. Яғни, 27 қазан күні Париж қаласындағы Гиме атындағы белгілі Азия өнер музейінде екі елдің мәдениет министрлері Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Фредерик Миттеранның қатысуымен қазақстандық көрменің ашылу салтанаты болды. Француздарға және Париж қонақтарына алғаш рет көшпелілердің ежелгі және ортағасырлық мәдениетін баяндайтын бай археоло­гия­лық және этнографиялық жәдігерлердің коллекция­лары ұсынылды. Министр Ф.Мит­теран өзінің сөйлеген сөзінде ежел­гі көшпел­і­лердің өркениеттері дең­гей­лерінің жоғары екен­дігі жөнінде экс­по­наттар куәленді­ре­тінін мәлімдей келе, аталған көрменің ерек­шелігін атап көрсетті. Сол күні кинематография саласын­дағы ынтымақтастық туралы келісімге және Алматы қаласының Орталық мемлекеттік музейі мен Гиме атындағы Азия өнер музейінің арасында Мәдениет саласын­дағы ынтымақтастық туралы ниет хаттамасына қол қойылды. Тағы бір тарихи оқиға, халқымыздың көрнекті саяси қайраткері Мұстафа Шоқайдың саналы өмірінің елеулі бөлігі өткен Ножан-сур-Марн қаласында оның мүсінін ашу салтанаты ұйымдастырылды. Әлемде ең белгілі және танымал “Тур де Франс” веложарысына қазақстандық велосипедшілердің қатысуы туралы ерек­ше айтқан жөн. Астана мен Қазақстанды көптеген француздар тап осы жарыс арқылы біледі, өйткені, шын мәнінде бір ай бойы бүкіл Францияның электронды және өзге де бұқаралық ақпарат құрал­да­рында “Астана” командасы туралы жарыса айтып, жазылып жатады. Сондай-ақ бұл тақырып жуырда өткен келіссөздер бары­сында Франция басшыларының наза­ры­нан тыс қалған жоқ. Президент Н.Саркози біздің Мемлекетіміздің басшысымен бол­ған сұхбатында вело­спортты жақсы көре­тінін және онымен айналысуды дағдыға ай­нал­дырғанын, сондай-ақ біздің коман­даның жетістігін мұқият назарда ұстай­тынын айтты. – Халқымызда “Елдестірмек – елші­ден, жауластырмақ – жаушыдан” деген сөз бар. Осыған байланысты халық біздің елшіліктен көптеген нәрсе күтеді. Француздармен жолға қойылған біздің байланыстарымыз жайында ақпаратты өз аузыңыздан естігіміз келеді. – Жоғарыда сөз болған Парижге жаса­ған біздің елдің басшысы сапарының маз­мұны және оның қорытындысы ек­і­­жақты қатынастың, көп жоспарлы ынтымақ­тастық деңгейі мен жағдайының ең үздік иллюстрациясын береді. Соңғы жылдары байқалған біздің ынтымақ­тас­тық дамуы­ның бұрын-соңды болмаған динамикасы ең алдымен Қазақстан Президентінің жеке күш-жігерінің, оның көреген де сарабдал саясатының арқа­сын­да дей аламыз. Фран­ция біздің елге сенім несиесінің жоғары дәрежесіндегі сенімді және перспективалы әріптесі ретінде қарайды. Саяси жоспар тұрғысынан, бұдан бұрын айтқанымдай, Қазақстан мен Франция өзара түсінісудің жоғары деңгейіне жетті және бүгінгі әлемнің ең бір өткір, шетін проблемалары бойынша ұқсас баға беріп, ұстанымдар ұстануда. Франция біздің елге сенімді де келешегі мол әріптес ретінде қарайды. Біздің Мем­лекет басшысының елді модер­ни­за­ция­лау, саяси және эко­номикалық рефор­­маларды тереңдету, қа­зақстандық эко­номиканың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалайды. Екіжақты қатынастың тарихына те­рең­демей тұрып, соңғы кездері Астана мен Париждің арасында жоғары деңгейлі делегациялармен алмасулар қалыпты жағдайға айналғанын атап өту қажет. Осын­дай қолайлы әрі тиімді жағдайда ел­шілікке екі ел мемлекеттік, үкіметтік жә­не бизнес құрылымдарымен тығыз жұмыс істей отырып, елдер көшбасшыларының арасындағы уағдаластықтарды іске асы­руды қамтамасыз ету, екіжақты ынтымақ­тастық тетіктерін толыққанды күшіне ендіру керек. Франция жағдайында ең алдымен өзі­нің қызметіне кіріскен “Назарбаев-Сар­кози” президенттік комиссиясын атап өту керек. Ынтымақтастықтың дамуына Сенат пен Ұлттық Ассамблеяның парла­мен­т­аралық достық топтары үлкен үлес қосуда. Үкіметаралық комиссия (ҮАК) эко­но­­ми­калық ынтымақтастықты дамытудың маңызды тетігі болып табылады. Сондай-ақ бұл бағытта Қазақстан-Франция іс­кер­лік кеңесі де өз рөлін ойнайды. Мұның бәрі екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық дамудың динамикалық сипатын сақтауға мүмкіндік береді. Атап айтсақ, бүгін экономикалық ынтымақ­тас­тық мұнай-газ, тау-кен, аэроғарыш сала­ларында, атом өнеркәсібінде, көлік және банк секторында дамуда. Қазақстанда француз капиталының қатысуымен 100-ден астам компания жұмыс істеуде. Сол себептен инвестиция көлемі де өсуде және де бір ерекшелігі, біз ғылымды көп қажет ететін өнеркәсіптік бірлескен мекемелер құруға кірістік. Сондай-ақ әскери-техни­калық салада және төтенше жағдайлар салдарларын жою мен алдын алу саласын­да ынтымақтастық дамуда. Франциямен екіжақты байланыс­тар­дың басқа да маңызды аспектілерінің қа­тарына мәдени-гуманитарлық ынтымақ­тас­тық жатады. Астанада, Алматыда, Шым­кентте және Ақтөбеде біздің аза­мат­тарға француз тілін оқып-үйрететін “Аль­янс францэз” мәдени-ағарту агент­тігінің өкілдіктері жұмыс жасайды. Францияның жоо-ларында біздің студенттер “Болашақ” бағдарламасы бой­ынша білім алуда. “Назарбаев уни­вер­ситеті” бағытында ынтымақтастық орнату күн тәртібінде. Жоғары оқу орындары арасында тікелей келісімдер шеңберінде жүретін мұғалімдермен және студент­термен алмасулар артып келеді. Жоғары басқару кадрларымызды дайындау мақса­тында Қазақстан Республикасы Прези­денті жанындағы Мемлекеттік басқару акаде­мия­сы мен Француз ұлттық әкім­шілік мек­тебінің арасында ынтымақ­тас­тық қа­лып­қа келтірілді. Ренн және Ал­маты қала­лары университеттері арасында белсенді қатынас дамуда. Айта кету керек, 2011 жы­лы осы қалалардың арасындағы бауыр­лас­тық қатынасқа 20 жыл толуы аталып өтілмек. Үстіміздегі жылы маусымда Париж қаласында біздің елшілік көмегінің арқасында Бірінші Қазақстан-Франция білім беру форумы екі елдің 20 шақты жоо-лары ректорларының қатысуымен өткен еді. Оның шеңберінде ынтымақ­тас­тық туралы бірқатар университетаралық келісімдерге қол қойылды. Бүгін біз ғылыми зерттеу саласындағы ынтымақтастық жандануының куәгеріміз. Соңғы мысалдардың бірі ретінде екі ел ғалымдарының арасында био-саналуан­дық саласында дәнекерліктердің жолға қойы­луын атау керек. Жуырда Парижде Қазақ­станның Ботаника және фито­ин­тродукция институтының делегациясы сапармен болды. Францияда танымал кинорежиссер және ботаник ғалым Катрин Пэкс “Ал­маның шығу тегі” атты фильм және кітап шығарды. Онда әлем­нің бүкіл алмала­рының қазақстандық түбірі бар екендігін дәлелдеу жолында жүргізілген зерттеу­лердің нәтижелері берілген. Франция Қазақстанның ежелгі және бүгінгі мәдениетіне, біздің халықтың дәс­түріне және салтына барған сайын қы­зығушылық танытуда. Оның куәсі ретінде, мен жетістігін атап өткен, бүгінде жұмы­сын жасап жатқан Париждің Гиме музей­індегі бұрын-соңды болмаған мәде­ни-этнографиялық ерекше көрмені атауға болады. Осы көрмеге орай биылғы 29 қа­занда француз астанасында көшпелі­лер­дің өркениеті дамуының мәдени-тарихи ас­пек­тілеріне арналған халықаралық ғы­лы­ми-практикалық конференция өткізілді. Осы шараға Шығыстану инс­ти­тутының президенті Жак Легран, Гиме му­зейінің директоры Жак Жиес, про­фес­сор Катрин Пужол, зерттеуші этнограф Ванда Дрес­слер және басқалар қатысты. Атап кеткен жөн, Ванда Дресслер жуырда Францияда жарық көрген “Қазақстан” атты фото­альбом авторларының бірі. Ғалым, этно­граф Гзавье Аллез жасаған орасан зор ең­бектің арқасында француз тілінде түсі­нік­темелер берілген “Тәттім­беттің музыкалық мұралары” компакт дискісі шығарылды. Қазақстан мен Франция арасында ки­но мен телевидение саласында ынты­мақ­тастық өзін жақсы көрсетіп келеді. Па­риж­де 28 қазанда біздің Мемлекеттің басшысы жеке кездесу өткізген бүкіл әлемге белгілі актер Жерар Депардьенің бірлескен жаңа жобалар арқылы ынтымақтастыққа деген ұмтылысының ерекше рөлін атап өту керек. Туризм мен спорт саласындағы ын­ты­мақтастық та біздің көз қырымызда. Осы күндері Парижде “Қазақстан үйін” ашу идеясын пысықтау үстіндеміз. Жоғарыда сөз болған мәртебесі ең жоғары вело­жа­рыс­қа “Астана” велокомандасының жыл сайын қатысуы спорттық байланыстарға қатысты ең айтулы фактіге жатады. Бүгінде екі тарап Қазақстанда Фран­цияның жылын, Францияда Қазақстан­ның жылын алдағы уақыттары атап өту кезеңіне кірісу үстінде. Бір сұхбат аясында мен екі ел ара­сын­дағы жобалар мен бастамалардың бар­лығын атамасам да, Қазақстан-Франция ынтымақтастығы көпқырлы және айтар­лықтай екендігіне көз жеткізуге болады ғой деп ойлаймын. Қазақстанның Фран­циядағы елшілігі Парижде тиісті мемле­кеттік және үкіметтік органдармен, екі ел­дің іскер, мәдени және медиалық топ­тарымен, Қазақстан мен Франция пре­зиденттерінің, екі халықтың жа­қын­да­суын және стратегиялық әріптестіктің одан әрі дамуын іске асыруға бағытталған өзінің жұмыстарын жалғастыра береді. – Әңгімеңізге көп рахмет. Әңгімелескен Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.