2010 жылғы 29 қазан Астана қаласы
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Қолданыстағы ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес келтіру мақсатында, бұйырамын:
1. Мыналардың:
1) “Жеке және заңды тұлғалар әзірлеген қалдықтармен жұмыс істеу нормативтері жобаларын және оларды Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілетті органда бекіту Ережелерін бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2005 жылғы 24 мамырдағы № 164-п бұйрығы, (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 22 маусымда № 3686 тіркелген, 2005 жылғы 22 қыркүйектегі № 174 “Юридическая газета” газетінде жарияланған);
2) “Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарылуының, атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер ету мен олардың көздеінің жүргізу ережелерін бекіту туралы”Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2005 жылғы 4 тамыздағы № 217-ө бұйрығы, (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 15 қыркүйекте № 3838тіркелген, 2005 жылғы 14 желтоқсан № 169-170(796) Заң газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық экологиялық стандарттарды ендіру департамент директоры (Брагин А.Г.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, сондай-ақ, осы бұйрықта көрсетілген нормативтік құқықтық актілер жарияланған ресми баспасөз басылымдарына, осы бұйрықтың қабылданғаны жөнінде хабарласын.
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитет төрағасы (Мұташев С.Х.) осы бұйрықты аумақтық бөлімшелердің, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мәліметіне жеткізсін.
4. Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің міндетін атқарушы М. ТҰРМАҒАМБЕТОВ.