• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
25 Желтоқсан, 2010

Алыптар асқақтайды

466 рет
көрсетілді

Қарағанды жыл сайын жасанып, жайнап келеді. Көрікті әрі мә­де­­­ниетті шаһарға айналдыру жолын­да­ғы іс-шаралар еліміздің мерейлі мерекесі алдында қанат жая түсіп жатыр. Мұз айдыны сарайы, теннис және бокс орталықтары, жаңа мешіт бой көтермек. Қарағандылықтар қуана қабыл­даған жаңалықтардың бірі хал­қы­мыздың үш ұлы алыбының еңселі ескерткіштері келесі жазда көрнекті тұстарда асқақтайтын болады. Бұ­дан былай қарай қаланың бас қақ­пасы – теміржол бекеті алдындағы алаңда меймандарды заңғар ғалым Қаныш Сәтбаевтың қоладан құй­ыл­ған бейнесі қарсы алып тұрады. Ал Қа­рағанды мемлекеттік техникалық университеті жанында Қаз дауысты Қазыбек би тұлғасы еңселенеді. Со­нымен бірге орталық саябаққа Сә­кен Сейфуллин көшесі жағынан кіре берісте ақиық ақын Қасым Аман­жоловтың биік мүсіні орнамақ. Ауыстырылған Ленин ескерт­кі­шінің орнына Тәуелсіздік стелласы қойылады. Оның айналасы тұрғын­дар демалатын әсем саябаққа ай­налады. Абай, Бұқар жырау, Сәкен Сейфуллин, Ғабиден Мұстафин қа­тарын толықтырғалы тұрған атал­ған үш алып ескерткіштері өлке тарихын ұқтыра түспек. Айқын НЕСІПБАЙ. Қарағанды.