• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
25 Желтоқсан, 2010

Ұлылардың туған күні бар, өлген күні жоқ

617 рет
көрсетілді

«Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде», Деп жылар қалың қазақ мен өлгенде. Сексен мен жүздігімді ұрпақ атар, Тарихтың түкпірінен сөз келгенде, – деп елуге де келмей тұрғанда әулиелікпен жазып кеткен Бау­ыр­жан Момышұлы кеше, жұма күні 100-ге толды. Батырдың ме­рейтойы жыл бойы той­лан­ды, жыл бойы есімі елдің аузы­нан түскен жоқ. Көзі тірісінде-ақ ту­ған халқының сүйіс­пен­ші­лігіне бө­ленген батырдың туған күні елі­міздің түкпір-түкпірінде түрлі шаралармен аталып жат­ты. Со­ның бірі Семей мемлекеттік пе­да­гогика­лық институ­ты­ның қол­ға алуымен Бауыр­жан Момыш­ұлы­ның «Соғыс психологиясы» атты кітабы қайта жарық көрді. «Ұлылардың туған күндері бар, бірақ өлген күн­дері жоқ» дегенді Әзірбайжан жазушысы Анар Рзаның аузынан естіп едік. Биыл Бауыржан ба­ба­мыз­дың лайықты түрде елі атап өт­кен ға­сыр­лық тойы  осы сөзді жиі еске түсірумен болды. Семей өңірінен арнайы келген азаматтар Астана және Ал­маты зиялыларымен  Орталық мемлекеттік мұражайдың Бау­ыр­жан Момышұлына арналған экспозиция залында қазақ хал­қы­ның ардақты перзенті, қол­бас­шы, көрнекті жазушы­ның ту­ғанына 100 жыл толу құрме­тіне арнайы жаңа нұсқада шы­ға­рылған «Соғыс пси­хо­ло­гия­сы» кітабының тұсаукесерін өт­кізді. Бауыржан Момышұлының артында қалдыр­ған бай мұра­сын, Отанын, ұлтын сүюдегі өнеге­сін еліміздің болашағы – жастарға тағылым жасау мақ­са­тында, оның 1944 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақ­стан­дағы филиалында, сол кездегі рес­пуб­ликаның көрнекті қай­раткерле­рі­нің, жазушы­ла­ры­ның, ғалым­да­ры­ның алдында оқы­­ған, жұрт­шылыққа «Соғыс психологиясы» де­ген жалпы атпен белгілі дәріс­терінен тұра­тын ең­бегінің қайта басылуына Білім және ғылым ми­нистрі Ба­қытжан Жұмағұлов тікелей  ықпал еткен. Осы бір аса құнды еңбек тек таза әскери мәселелерге ғана арналмаған, одан адам бой­­ын­дағы отанды сүю, табан­дылық, адалдық, қиын­нан алып шығар тапқырлық, көкейге қо­ным­ды сөздермен жұртшы­лық­қа әсер ете білу сияқты және т.б. адами қасиеттерді көруге болады. Кітаптың басты ерекшелі­гі­нің бірі, оның екі тілде біртұтас кітап болып шығарылуы. Сол сияқ­­ты, бұл еңбек оқу орын­дары­ның және елі­міздің негізгі кітапханаларының кітап қор­ларын толықтырмақ. Тұсаукесерге еліміздің көр­нек­ті мемлекет қайраткерлері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жазушылар, ғалымдар, қа­ла жұрт­­шылығы және жастар қатысты. Айнаш ЕСАЛИ. Алматы. ----------------------------------------- Суретті түсірген Берсінбек СӘРСЕНОВ.