АЛМАТЫ. 5 қаңтар. Бейжің қаласында Қырғызстанның халық жазушысы Шыңғыс Айтматовты еске алу кеші болып өтті. Бұл туралы Қыр ТАГ агентігінің сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Кешті Қытай Халық Республикасындағы Қырғызстанның елшілігі ұйымдастырды. Жиынға Аспан асты еліндегі қызмет істеп жүрген Қырғызстан азаматтары, Қытайдың әдебиетші ғалымдары, жергілікті қырғыздар қатысты.
Әдеби кеште сөз сөйлегендер қырғыз жазушысы Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың әлем әдебиетіне қосқан өлшеусіз үлесі мен оның шығармасындағы философиялық ой иірімдері, адамдар арасындағы қарым-қатынас хақындағы толғамдары туралы әңгіме қозғады.
Кеш соңында Шыңғыс Айтматов туралы деректі фильм көрсетілді.
Талғат Сүйінбай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: ҚырТАГ.