ҚАРАҒАНДЫ. 5 қаңтар. Қарағанды облысында бес күн бойы қар астында жатқан тепловоз аршып алынды. Бұл туралы Қарағанды жол бөлімшесінің мәліметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оқиға Қарағанды жол бөлімшесінің Углерудная-Тегісжол аралығында орын алған. Күшті боран мен толассыз жауған қардың салдарынан жүк пойызы жүре алмай, омбы қардың астында қалған болатын. Теміржолшылардың ұйымдасқан іс-әрекетінің арқасында тепловоз қар астынан аршып алынды. Жалпы жолдың бұл учаскесі «АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық комбинатына қызмет көрсетеді.
Жолда қалған локомотив Астана-Алматы бағытына қатынайтын жолаушылар тасымалдайтын пойыздардың қозғалысына кедергі келтірген жоқ. Сондай-ақ, металлургиялық комбинат та қандай да бір зиян шекпей, оған қажетті шикізат Жаңа ауыл стансасы арқылы жеткізіліп отырды.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек, сурет: egemen.kz.