• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
05 Қаңтар, 2016

Ақтөбеде мереке күндері 184 сәби өмір есігін ашты

365 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 5 қаңтар. Ақтөбеде 31 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында 184 бала дүниеге келді. Оның 101-і – ер, 83-і – қыз бала. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Нәрестелердің арасында бір егіз бар. Шалқар қаласында егіз сәбиін толғатқан әйелді облыс орталығына жеткізу үшін санитарлық авиация мамандары ауа райының қолайсыздығына қарамастан ауданға аттанды. Жаңа жыл әдетте отбасылық мереке болып есептеледі. Сондықтан әркім жаңа жылды отбасында әдемі қарсы алуға асығады. Ал қызмет бабымен оны жұмыс орындарында қарсы алатындар да бар. Солардың ішінде адам жанының арашашысы ақ халатты абзал жандардың орны бөлек. Дүние есігін айғайлап ашатын сәбилерді қабылдап алатын кіндік шеше – дәрігерлер еңбегі зор. Міне, жаңа жылдың үш күнінде осыншама перзенттің кіндігін кескен ақ желеңділерге алғыстан басқа айтарымыз жоқ. «Төлбасылардың» дені сау болып, артынан ерген ізбасарлары көбейе бергей деген тілек көкейге оралады. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек: egemen.kz. Сурет: vk.com.