• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
05 Қаңтар, 2016

Британия почтасы 500 жылдық қызметін атап өтуде

378 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 5 қаңтар. Британия королінің почта қызметі 500 жылдық мерейтойын атап өтуде. Даталы күннің құрметіне орай елде тарихи деректерді тізбектеп, жинақтаған арнайы сайт ашылды. Бұл туралы ВВС хабарлады. Ағылшын королі Генрих VIII 1516 жылдың басында рыцарь Брайан Тьюкті елдің тұңғыш  почтмейстері (почта кеңсесінің бастығы) етіп тағайындады. Бұған дейін хат-хабар тек қана арнайы қызметшілер мен курьерлер арқылы тасымалданған еді. Жаңа қызметке кіріскен Тьюктің почталық тасымалдау қызметіне енгізген жүйесін алдымен күллі Британия, одан соң бүкіл әлем өз тәжірибесіне енгізіп ала қойған. Ең алғашқы кезде Лондондағы почта кеңсесінде барлығы 45 адам қызмет істеген екен. Корольдіктің бүгінгі почта қызметінде 140 мың адам жемісті еңбек етіп келеді. Талғат Сүйінбай. Дерек: ВВС. Сурет: Reuters.