• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
05 Қаңтар, 2016

Алматы тұрғындарына азық-түлік түрлері тегін таратылды

311 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 5 қаңтар. Алмалы және Алатау аудандары бойынша жаңа жыл қарсаңында материалдық тұрғыдан аз қамтылған жергілікті отбасыларға азық-түлік түрлері тегін тартылды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Тек қана «Тастақ» сауда орталығында әлеуметтік осы топтағы азаматтар мен зейнеткерлерге 1 миллион теңге тұратын 300 пакет азық-түлік тауарлары тегін  берілді. Ал Алатау ауданында «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп аз қамтылған тұрғындарға азық-түлікпен қоса жылы киімдер үлестірілді. Аудандық «Нұр Отан» партиясы жетекшісінің бірінші орынбасары Сағымбек Кәрбозов: «Біздің ауданымызда тұрмысы төмен 60 отбасы, 80 жетім бала, 125 жалғыз басты қарт кісілер тұрады. Мереке қарсаңында бұлардың барлығына  бірдей қолдау көрсетілді», – деді. Алматыда қайырымдық көмегін көрсетететін ондаған сауда нүктелері жұмыс істейді. Қала тұрғындарының сол дүкендерге өз тараптарынан жәрдем ретінде отбасынан артылған, пайдалануға жарамды заттарды әкеліп өткізетін дәстүрі бар. Ол заттар әлеуметтік жағынан аз қамтылған қала тұрғындарына тегін таратылады. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: egemen.kz.