• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
05 Қаңтар, 2016

Петропавл балалар үйінің тәрбиеленушісі Президент сәлемдемесін алды

428 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 5 қаңтар. «Қазпошта» АҚ-ның «Аяз атаға хат жаз» жобасы аясында  ұйымдастырылған акция барысында отбасылық үлгідегі балалар ауылының  тәрбиеленушісіне  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан  музыкалық орталық пен қазақстандық жазушылардың кітаптар жинағын салтанатты жағдайда тапсырылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыс орталығындағы отбасылық үлгідегі балалар үйінде тұрып жатқан Виктория Голубцова желтоқсан айында «Қазпошта» АҚ-ы ұйымдастырған- «Аяз атаға хат жаз» акциясына қатысып, Президент атына хат жазады. Онда ақжарма тілегін жеткізе отырып, музыкалық орталығым болса деген арманын жасырмайды.  Жаңа жыл алдында оның балатілегі қабыл болып, үлкен қуанышқа бөленді. «Қазпошта» АҚ СҚОФ-ның директоры Ерік Нұрақаевтың айтуынша, еліміз бойынша  акцияға  шамамен 4 мың бала қатысқан.  Олардың жүрек түкпірінен шыққан жылы лебіздері барлық жерлерге орнатылған жәшіктерге салынып, ғаламторға орналастырылған. «Балаларға жасап келе жатқан ұдайы қамқорлығы үшін Нұрсұлтан атама зор алғысымды білдіремін.  Барша балдырғандар атынан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Зор денсаулық, отбасылық бақыт тілеймін», дейді отбасылық үлгідегі балалар үйінің шәкірті Виктория Голубцова Елбасына жазған хатында. Бүгінде балалар ауылында 7 жастан 18 жас аралығындағы 51 тәрбиеленуші тұрып жатыр. Өмір Есқали. Дерек,сурет: egemen.kz