• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
05 Қаңтар, 2016

Үндістанда жер сілкінісінен 11 адам қаза тапты

441 рет
көрсетілді

АСТАНА. 5 қаңтар. Үндістанда болған жер сілкіністен 11 адам қаза тапты. Сондай-ақ, 130 тұрғын түрлі жарақат алды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жер асты дүмпуі Бангладеш астанасы Дакка қаласының бірнеше аудандарына зиянын тигізіп өтті. Табиғат апатынан бұл елде үш адам мерт болды. Үндістан мемлекетінің премьер-министрі Нарендра Моди жер сілкінісінен зардап шеккендерге арнайы көмек көрсетіліп, құтқару жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді. Мамандар жер асты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша сағат 04:40-та болғанын айтты. Ал оның эпиорталығы Мьянма елімен шектесетін Манипур штатына қарасты Таменглонг окуругында, 10 км тереңдікте орналасқан. Табиғат апаты Үндістанның шығысында орналасқан барлық штаттарға зиянын тигізген. Олардың қатарында Батыс Бенгалия, Нагаленд, Мегхалая, Аруначал-Прадеш және Манипура бар. Ал сейсмолог мамандары жер сілкінісінің күші 6,9 баллды құрағанын мәлімдеді. Жер сілкінісі әсіресе Манипур штатының әкімшілік орталығы Импхал қаласына залалын тигізді. Бұл маңайда электр сымдары қиылып, байланыс үзілген. Сондай-ақ, ондаған үйлер қирап қалды. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: ТАСС.