• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
05 Қаңтар, 2016

Солтүстік Қазақстанда өрт сөндіру қызметкері қаза тапты

318 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 5 қаңтар.  Жаңа жылдың соңғы күні Әбдірахановтар отбасы үшін қайғылы аяқталды. Үй иесі Алтынбек Оралұлы кенеттен қаза тапты. Бұл туралы egemen. kz тілшісі хабарлады. Облыс орталығындағы Бензострой шағын ауданында қызыл жалынға оранған жекеменшік үйге алдыңғылардың қатарында қарауыл бастығы Алтынбек Әбдірахманов бастаған өрт сөндіру тобы жедел жетіп, бірден іске кіріскен.  Өртті ауыздықтап, кері қайтуға жинала берген үйді жалға алған азаматтың «үй иесі қалып қойды» деген жан даусы шыққан. Жағдайды білмек болған Алтынбек баспанаға ене берген. Содан оралмаған. Оның кешіккенінен күдіктенген әріптестері үйдің ішінен жансыз денесін кезіктірген. Сөйтсе, төбе құлап, бірден жазым еткен. Кейін белгілі болғандай үй иесі асылып өлген. Азаматша банкіден алған несиені төлей алмағандықтан, өзін майып етті деген болжам бар. 27 жасқа енді толған марқұмныың артында кішкентай екі баласы мен жан жары қалды. Өмір Есқали. Дерек, сурет: egemen.kz