• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Қаңтар, 2016

Босаңсуға болмайды

294 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бес институттық реформаны жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кеңеске Премьер-Министр К.Мәсімов, Президент Әкім­ші­лігінің Басшысы Н.Нығ­матулин және Президент Әкімшілігі Бас­шысының орынбасары Б.Май­лыбаев қатысты. Мемлекет басшысы еліміз өткен жылды әлемдік нарықтағы күрделі жағдайға қарамастан, жақсы экономикалық көрсет­кіштермен аяқтағанын атап өтті. – Біз Бес институттық реформаны жүзеге асыруды бас­тайтын ең күрделі ке­зеңге келдік. Ауқымды дайындық жұмыс­­тары атқарылды, тиісті құжат­т­ар қабыл­данды. Президент Әкім­ші­лігі, Үкімет, әрбір министрлік және әкімдіктер қойылған міндет­терді нақты орындауға атсалысуы қажет. Жаң­ғырту жөніндегі ұлттық комиссия қызметін жалғастырып, менің алдымда есеп беретін болады және барлық бағыттар бойынша қандай да бір босаңсуға жол бермеуі тиіс, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев ре­фор­малардың уақтылы және тиім­ді жүзеге асырылуының маңыз­дылығын атап өтті. – Мемлекеттік қызметті же­тілдіру жұмысын орталықта да, жергілікті жерлерде де жүргізу керек. Заң үстемдігін қамтамасыз ету аясында сот жүйесінің өзі де өзгерістерге бастамашы болуы қажет. Сонымен қатар, Пат­риоттық акт қабылдау жоспарланып отыр, онда халық бірлігін, толе­ранттылық пен сенімді одан әрі нығайту жөніндегі қызметтің негізгі бағыттары көрсетілетін болады. Сондай-ақ, есеп беруші мем­лекет қалыптастыру міндетіне сәйкес, барлық деңгейдегі атқару­шы билік тұрақты негізде халыққа есеп беріп отыруы тиіс. Жалпы ал­ғанда, нәтижеге басшылар жеке жауапты болады. Бұл ретте, ре­фор­­маларды көзбояушылыққа айнал­­дыруға жол беруге болмайды. Өз­ге­рістерді жүзеге асыруға ке­дер­гі болатындар лауазымынан бо­са­­тылады, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті кездесу қоры­тын­ды­сы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. Суретті түсіргендер