• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2016

Ел сенімін арттырды

288 рет
көрсетілді

Бас басылымнан Мем­лекет басшысының «Ұлт Жос­пары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласын ерекше екпінмен оқып шықтым. Біле білсек, бұл қуана құптарлық мақала болды. Ең бастысы, елді ұйы­та әрі жарқын жолға бас­таушы болып отыр. Шыны керек, дәл осы кезеңде біздің Елбасы даралығын, көреген көшбасшылығын көрсете білді. Бұл – бір менің ғана емес, дүйім жұрттың пікірі. Бұл жерде баса айтар жайт – сөз бен істің қабысуы болып отыр. Оған өзіміз еңбек етіп жүрген өңірден мысалды көптеп келтіре аламын. Жетісудың кіндік қаласы – Талдықорған күннен күнге түрленіп, сәні мен салтанаты артуда. Мемлекеттік саясатқа сай атқарылған нә­­тижелі жұмыстың жемісі сол, облыс экономикасы анағұрлым өркендеп, бюджет қоржыны толыға түсуде. Экономист ретінде айтарым, Құрғақ порттың Жетісу жерінен ашылуы әлі сан мүмкіндіктің жолын ашып қана қоймай, телегей табыстың қайнар көзіне айналары анық. Жалпы, Жетісу жері Елбасы мақаласында айтылған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкес келетін өңір болып саналады. Осы елді дамыту, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда атқа­рылып жатқан игілікті істер соның жарқын дәлелі болып табылады. Сон­дықтан жаңа жылдың алғашқы кү­нінен Ұлт Жоспарын орын­­дау уақытының бас­талуы экономикалық жағ­дайды жақсартқан үстіне жақсарта түсетініне сенім артамыз. Өйткені, осыған дейін басталған жұмыс жанды жалғасын тауып, үлкен қолдау тауып, табыс бастауын аша түсері хақ. Нәтижесінде Қазақстан өркениетті, дамыған 30 елдің қатарынан өз орнын алып, гүлдене түсетіні анық. Олай деуіме еліміздің бейбіт те құтты өмірі, сол өмірді еліне сыйлап қана қоймай, одан әрі кемелдене түсуіне бастап отырған Елбасына деген сенімім негіз болады. Бас басылымдағы мына мақала сол ойымды бекіте түсті. Болат СЕРИЕВ, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік уни­­верситеті қаржы-экономика факуль­тетінің деканы. Алматы облысы.