• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
10 Қаңтар, 2016

Ресейде науқасты ұрып өлтірген дәрігер жұмысынан қуылды

241 рет
көрсетілді

АСТАНА. 10 қаңтар. Ресейдің Белгород қалалық ауруханасынан науқасты ұрып өлтірген дәрігер жұмысынан қуылды. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады. Белгород қаласындағы №2 аурухананың дәрігері емделушіні соққыға жығып, салдарынан науқас оқиға орнында қайтыс болды. Айта кетейік, жантүршігерлік жағдай өткен жылдың 29 желтоқсанда қаладағы №2 ауруханада орын алған. Онда терапия бөлімшесінің дәрігері мейірбикеге тиіскені үшін емделушіні ұрып өлтірген. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрдан дәрігер әйелдің емделушіні тексеріп отырғанын көруге болады. Сол сәтте кабинетке жас қызды еріткен дәрігер кіріп келеді. Ер адам науқасқа кенеттен күш көрсетіп, соққыға жығады. Салдарынан басына тиген қатты соққыдан ол құлап қалады. Ал дәрігерге қарсылық көрсетпекші болған емделушінің жолдасы да ауыр жұдырықтың астында қалды. Бірнеше уақыттан кейін бөлмеде болған әйелдердің бірі науқастың көгеріп кеткенін аңғарады. Осы кезде «қызба» дәрігер оған көмек көрсетпекші болады. Дегенмен жәбірленуші оқиға орнында қаза табады. Қазіргі таңда күдіктіге ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босату түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған. Себебі қылмыс ауыр деңгейдегі категорияға жатпайды және баптың санкциясы бұл жағдайда екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады. Бұл категориядағы қылмыс үшін қамауға алу деген бұлтартпау шарасын таңдау үшін ерекше жағдайлар талап етіледі. Жергілікті тергеу комитетінің мамандары дәрігердің және оның отбасының Белгородта тұрып жатқанын, бұлтартпау шарасын бұзып жатпағанын, сондықтан тергеуде өзгерістер енгізуге айтарлықтай себептің жоқ екенін атап өтті. Сондай-ақ, комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктінің қылмысы байқаусызда кісі өлтіру болып бағаланған. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: tengrinews.kz.