• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
10 Қаңтар, 2016

Ақмола облысында дүкендегі терминалды ұрлағандар ұсталды

282 рет
көрсетілді

АҚМОЛА. 10 қаңтар. Ақмола облысы Санықтау ауданының Красная поляна ауылындағы дүкеннен төлемдер қабылдайтын терминал ұрланған күдіктілер ұсталды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады. Ұрылар түн ішінде дүкеннің есігін бұзып, терминалды алып кеткен. Полицейлердің жедел-іздестіру нәтижесінде 19-21 жас аралығындағы үш күдікті қолға түсті. Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, күдіктілер терминалды бұзып, ішіндегі ақшаны қолды еткен. Қазір аталған оқиғаға қатысты Қылмыстық кодексінің 188- бабының 2-бөлімімен қалмыстық іс қоғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: egemen.kz.