• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
10 Қаңтар, 2016

Зидан «Реалмен» өткізген дебюттік матчында ірі жеңіске жетті

302 рет
көрсетілді

АСТАНА. 10 қаңтар. Өткен аптада ғана Мадридтің «Реал» командасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалған Зинедин Зидан онымен өткізген тұсаукесер кездесуін өте сәтті аяқтады. Бұл туралы Р-Спорт хабарлады. Кеше Испанияның ла-лигасында 19-турдың ойындары ойналды. «Реал» өз алаңында Ла-Коруньяның «Депортивосын» қабылдап, 5:0 есебімен талқандап шықты. Мадридтегі «Сантьяга Бернабеу» стадионында ойналған ойында Уэльс құрамасының шабуылшысы Гарет Бейл хет-трик жасаса, қалған екі голды Франция терме жамағатының форварды Карим Бензема салды. Француз футбол маманы бұрын «Реалдың» сапында ойыншы ретінде өнер көрсеткен еді. Енді бас жаттықтырушы ретінде қызмет ете бастады. Ол мұнда өткен жылдың маусымынан бері жұмыс істеп жатқан испан Рафаэль Бенитестің орнына келді. Талғат Райымбек. Дерек, фото: Р-Спорт.