• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2016

АҚШ президентінің иттерін ұрламақ болған қылмыскер қолға түсті

276 рет
көрсетілді

АСТАНА. 11 қаңтар. АҚШ президенті Барак Обаманың отбасына тиесілі екі итті ұрлап кетемін деп қоқан-лоқы көрсеткен қылмыскер қолға түсті. Бұл туралы Interfax.ru-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. The Washington Times басылымының хабарлауынша, қылмыскер Вашингтон қаласында ұсталған. Тінту кезінде оның көлігінен қару-жарақтың бірнеше түрі табылған. Атап айтқанда, 22 калибрлі винтовка, 350-ден астам оқ-дәрі, полиция шоқпары және басқа да қару түрлері бар. Құпия қызметтің мәлімдемесіне қарағанда, ұсталған қылмыскердің есімі – Скотт Д.Стокер. 49 жастағы Скотт Солтүстік Дакотаның тұрғыны екен. Жауап алу кезінде ол өзін Иисус Христос деп таныстырған. Сондай-ақ, Джон Кеннеди мен Мэрилин Монроның ұлымын деген ол АҚШ президенттігіне сайлауға үміткер ретінде қатысуды жоспарлағанын айтқан. Айта кетейік, Обама отбасы Бо есімді бірінші иттерін осыдан жеті жыл бұрын асырап алды. Тіпті, сол иттің құрметіне «Бо, қарғыбауы бар америкалық бас қолбасшы» деген кітап та жазылды. Ал екі жыл бұрын Обамалар тағы бір итті асырап алды. Оған президент отбасы Санни деген ат қойды. Еламан Қоңыр. Дерек: Interfax.ru. Сурет: reuters.com.