• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2016

Тунистегі қонақ үйлердің 50 пайызы қызметін тоқтатты

277 рет
көрсетілді

АСТАНА. 11 қаңтар. Тунисте содырлардың террорлық шабуылдарына байланысты 570 қонақ үйдің 270-і жабылды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Тунистің Кәсіби саяхатшылар қауымдастығының жетекшісі Хусема Бен Азуза жыл басында жабылған қонақ үйлер қатары күрт көбейетінін айтты. Бұл іс дәстүр бойынша, жылдың алғашқы тоқсаны туриндустрия үшін қолайсыз болуымен байланысты. Сондай-ақ, бірнеше мәрте жасалған террорлық шабуылдан кейін бұл елге келушілер саны да құлдырады, шетелдік мейманханалар желісі де азайды. Әсіресе Imperial Marhaba қонақ үйіне тиесілі RIU Hotels & Resorts атты испаниялық қонақ үйлер желісі шығынға батты. Өткен жылдың 26 маусымында жағалауда болған содырлар шабуылынан әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 38 саяхатшы қаза тапты. Жербадағы Францияның Djerba la Douce шипажайы да өз жұмысын тоқтатты. Marmara француз желісі Dar Djerba және Palm Beach Djerba қонақ үйлерін жапты. Осыған байланысты, Туниске еуропалық туристердің қызығушылығы азайды. Демалыс аймағынан Германия, Франция, Италия, Испания елдері бас тартты. Елдің туризм министрлігінің басшысы Сельм Эллуми Рекиктің айтуынша, 2015 жылы жоспарланған саяхатшылардың миллионға жуығы келген жоқ. «Бірнеше рет болған террорлық шабуылдан соң, Батыстан келушілер саны 50% пайызға кеміді», дейді ол. Әсіресе, елдің солтүстік-шығысында орналасқан «Кап Бон» түбегі үлкен шығынға ұшырады. Бұл маңайда 75 қонақ үй жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Одан кейінгі шетелдіктер арасында жоғары сұранысқа ие болған «Жерба-Зарзис» аймағында 64 мейманхана қызметін тоқтатты. Мұндай жағдай елдің барлық өңірінде байқалады. Айта кетейік, 2015 жылдың 18 наурыз күні содырлар ел астанасындағы Ұлттық мұражайға баса-көктеп кіріп, туристерге оқ жаудырған. Салдарынан 20 адам қаза тапты. Араға үш ай салып, маусымның 26-сы күні Сус шипажай қаласында ел тарихында болмаған ең ірі шабуыл жасалды. Тәртіп сақшылары Riu Imperial Marhaba қонақ үйінің 38 адамы мерт болғанын және де 40 саяхатшының түрлі жарақат алғанын анықтады. Ал 24 қараша күні Ішкі істер министрлігі және туризм ғимаратының маңайында президент күзетшілері мінген автобус жарылды. Салдарынан оқиға орнында 13 адам қаза тауып, 20-сы жарақат алды. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: reactor.inform.kz.