• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2016

Ақмола облысында әріптестік белсенділік артуда

290 рет
көрсетілді

КӨКШЕТАУ. 11 қаңтар. Сандықтау ауданындағы Петровка ауылының тұрғындары жаңа жылда айрықша қуанышқа ие болды. Жуырда мұнда жаңартылған мәдениет ошағы пайдалануға берілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ауыл қуанышына құтты болсын айтқан аудан әкімі Асылбек Исмағамбетов бұл клубтың жергілікті ауыл шаруашылығы құрылымдарының қаржысы арқылы ашылып отырғанына ризашылық білдірді. Әлеуметтік маңызды нысанның бой көтеруіне «Сандықтау-Астық», «Балқышын» асыл тұқымды мал зауыты» және «Жабай» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері демеушілік көмек көрсетті. Жаңа мәдениет ошағы 100 орынға ылайықталғанымен, салтанат шарасына көрші ауылдардың өнерпаздары да қатысып, арнайы концерттік бағдарламаларын ұсынды. Аудан әкімдігі тарапынан сый-сауғалар жасалды. Осы орайда, ауданда соңғы бір айда мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестік бастамасымен ауылдарда фельдшерлік-акушерлік пункт, кітапхана, клуб және дүкен күрделі жөндеуден өткізілгенін атап өткен жөн. Бұл жұмыстарға 30 миллион теңге қаржы жұмсалды. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: egemen.kz