• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2016

Степногор қаласындағы мешіттен өрт шықты

245 рет
көрсетілді

КӨКШЕТАУ. 11 қаңтар. Степногор қаласының Заводской кентіндегі мешіттен өрт шықты. Бұл туралы Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Дзержинский көшесінің бойындағы мешіт 30 адамға шақталған. Өрт туралы қалалық ішкі істер бөліміне таңғы ауысымға бара жатқан жұмысшылар хабарлаған көрінеді. «Тілсіз жауды» құрықтауға төтенше жағдайлар қызметінен 10 адам мен 2 арнайы техника, «Степногор тау-кен химия комбинаты», «Степногор подщипник зауыты» акционерлік қоғамынан 6 адам мен 2 техника жұмылдырылған. Оқиға қаңтардың 10 күнгі таңғы 06.05 минуттар шамасында орын алғандықтан зардап шеккендер жоқ. Әйткенмен, мешіттің 100 шаршы метр аумағына залал кетірілген. Қазір тиісті органдар өрттің шығу себептерін анықтау үстінде. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.