• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
14 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасының Заңы №442-V ҚРЗ

262 рет
көрсетілді

Атом энергиясын пайдалану туралы Осы Заң адамдардың өмiрi мен денсаулығын, олардың мүлкін, қоршаған ортаны қорғау мақсатында атом энергиясын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудiң құқықтық негiзi мен қағидаттарын айқындайды және ядролық қаруды таратпау режимiн, атом энергиясын пайдалану кезiнде ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталады. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) алып қою деңгейі – атом энергиясы пайдаланылатын объектінің ядролық, радиациялық, геометриялық, салмақтық сипаттамаларын айқындайтын, гигиеналық нормативтерде, техникалық регламенттерде көзделген физикалық шама мәндері, осындай мәндер болғанда немесе осы мәндерден төмен болғанда атом энергиясы пайдаланылатын объектілер мемлекеттік бақылаудан алып тасталады; 2) атом энергиясы – ядролық реакциялардан және радиоак­тивті ыдырау кезінде босатылатын энергия, сондай-ақ генерацияланатын иондандырушы сәулелер энергиясы; 3) атом энергиясы пайдаланылатын объектілер – иондандырушы сәулелену көздері, радиоактивті қалдықтар және пайдаланылып болған ядролық отын, ядролық, радиациялық, электрофизикалық қондырғылар, сақтау және көму пункттері, көліктік қаптама комплектілері мен ядролық материалдар; 4) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерді пайдалану – атом энергиясын пайдалану саласында жеке немесе заңды тұлға жүзеге асыратын әкімшілік, шаруашылық және инженерлік-техникалық қызмет; 5) атом энергиясы пайдаланылатын объектілермен жұмыс істеу – атом энергиясы пайдаланылатын объектілерді дайындау, жеткізу, пайдалану, пайдаға асыру, пайдалануға беру және пайдаланудан шығару, қайта өңдеу, монтаждау, жөндеу, техникалық қызмет көрсету, зарядтау, қайта зарядтау, бөлшектеу, кәдеге жарату, консервациялау, тасымалдау, импорттау, экспорттау, активсіздендіру, кейіннен кәдеге жарату, сақтау, көму кезінде олармен қолмен жасалатын және (немесе) автоматтандырылған операциялардың, әрекеттердің жиынтығы; 6) атом энергиясы пайдаланылатын объектінің өмірлік циклі – атом энергиясы пайдаланылатын объектілерді орналастыру, жобалау, шығару, құрылысы немесе салу, пайдалануға беру, пайдалану, реконструкциялау, күрделі жөндеу, пайдаланудан шығару, тасымалдау, айналымы, сақтау, көму және кәдеге жарату; 7) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау – атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органның өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі; 8) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – атом энергиясын пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 9) иондандырушы сәулелену көздері – радиоактивті заттар, құрамында радиоактивті заттар бар аппараттар немесе құрылғылар, сондай-ақ иондандырушы сәуле шығаратын немесе шығаруға қабілетті электрофизикалық аппараттар немесе құрылғылар; 10) иондандырушы сәулелену көздерінің тізілімі – иондандырушы сәулелену көздерін экспорттау мен импорттау кезінде орнын ауыстыру туралы мәліметтерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында олардың бар-жоғы, орын ауыс­тыруы және орналасқан жері туралы мәліметтердің ұдайы жаңартылып тұратын жиынтығын білдіретін, иондандырушы сәулелену көздерінің дерекқоры; 11) кейіннен кәдеге жарату – күрделі құрылыстардың (үйлердің, ғимараттардың, кешендердің) пайдаға асырылуы (пайдаланылуы, қолданылуы) тоқтатылғаннан кейін, регенерацияланатын элементтерді (конструкцияларды, материалдарды, жабдықтарды) бір мезгілде қалпына келтіріп және қайталап пайдаланып, сондай-ақ регенерацияға жатпайтын элементтер мен қалдықтарды қайта өңдей отырып, оларды бөлшектеу және бұзу жөніндегі жұмыстар кешені; 12) көму – пайдаланылып болған ядролық отынды немесе радиоактивті қалдықтарды көму пунктіне оларды алып қою ниетінсіз орналастыру; 13) көму пункті – пайдаланылып болған ядролық отынды немесе радиоактивті қалдықтарды көмуге арналған ядролық немесе радиациялық қондырғы; 14) көму пунктін жабу – көму пунктін қауіпсіз жағдайға келтіріп, көмгеннен кейін барлық операцияларды аяқтау; 15) қондырғыны пайдалануға беру – ядролық немесе радиациялық немесе электрофизикалық қондырғының компоненттері мен жүйелерін оның құрылысы аяқталғаннан және қажетті сынақтар жүргізілгеннен кейін жұмыс жағдайына келтіру жөніндегі құжатпен ресімделетін қызмет; 16) қондырғыны пайдаланудан шығару – ядролық немесе радиациялық немесе электрофизикалық қондырғыны пайдалануды тоқтату және қондырғы мен оны орналастыру алаңының қауіпсіздік жөніндегі талаптарға сәйкес келетін түпкілікті жай-күйін қамтамасыз ете отырып, оны мемлекеттік бақылаудан алып тастау жөніндегі құжатпен ресімделетін қызмет; 17) пайдаланушы ұйым – атом энергиясы пайдаланылатын объектілермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға; 18) пайдаланылып болған ядролық отын – ядролық реакторда сәулеленген және одан біржола алып тасталған ядролық отын; 19) персонал – иондандырушы сәулелену көздерімен тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін немесе еңбек жағдайларына байланысты олардың әсер ету аясында болатын жеке тұлғалар; 20) радиациялық қатер – сәуле алу нәтижесінде, оның салдарының ауырлығын ескере отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне, қоршаған ортаға зиян келтіру ықтималдығы; 21) радиациялық қауіпсіздік – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға сәйкес персоналға, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерді шектейтін іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, атом энергиясы пайдаланылатын объектінің қасиеттері мен сипаттамаларының жай-күйі; 22) радиациялық қауіптілік санаты – атом энергиясы пайдаланылатын объектімен жұмыс істеген кезде немесе ықтимал авария жағдайларында халық және (немесе) қоршаған орта үшін оның радиациялық қауіптілік дәрежесі бойынша атом энергиясы пайдаланылатын объектінің сипаттамасы; 23) радиациялық қондырғы – өзіне қатысты үй-жайларды, құрылыстар мен жабдықтарды қоса алғанда, радиоактивті заттармен жұмыс істеу жүзеге асырылатын, ядролық болып табылмайтын арнайы қондырғы; 24) радиоактивті заттар – құрамында радионуклидтер бар, кез келген агрегаттық жағдайдағы, шығу тегі табиғи немесе техногендік кез келген материалдар; 25) радиоактивті қалдықтар – құрамында алып қою деңгейінен жоғары радионуклидтер бар, одан әрі пайдаланылуы көзделмейтін радиоактивті заттар, ядролық материалдар немесе радионуклидті көздер; 26) радионуклидті көз – құрамында радиоактивті заттар бар, оны пайдалы қолдану үшін арнайы жасалған немесе қандай да бір қызмет түрінің жанама өнімі болып табылатын иондандырушы сәулелену көзі; 27) сақтау – ядролық отынды, ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, радионуклидті көздерді, пайдаланылып болған ядролық отынды, радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттеріне олармен одан әрі жұмыс істеу үшін оларды алу мүмкіндігі көзделетін уақытша орналастыру; 28) сақтау пункті – ядролық отынды, ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, радионуклидті көздерді, пайдаланылып болған ядролық отынды, радиоактивті қалдықтарды сақтауға арналған ядролық немесе радиациялық қондырғы; 29) көліктік қаптама комплекті – тасу кезінде радиоактивті құрамды толық орналастыру мен ұстап тұру үшін қажетті элементтердің жиынтығы; 30) физикалық қорғау – атом энергиясы пайдаланылатын объектіге рұқсатсыз қол жеткізуіне жол бермеу жөніндегі ұйым­дастырушылық және техникалық шаралардың бірыңғай жүйесі; 31) электрофизикалық қондырғы – өзіне қатысты үй-жайларды, құрылыстар мен жабдықтарды қоса алғанда, иондандырушы сәулелерді генерациялайтын немесе генерациялауға қабілетті арнайы, ядролық немесе радиациялық болып табылмайтын қондырғы; 32) ядролық қауiпсiздiк – ядролық авариялардың мүмкiн болмайтындығы белгiлi бiр ықтималдықпен қамтамасыз етілетін, атом энергиясы пайдаланылатын объектiнiң қасиеттері мен сипаттамаларының жай-күйі; 33) ядролық қондырғы – өзіне қатысты үй-жайларды, құрылыстар мен жабдықтарды қоса алғанда, ядролық материалдармен жұмыс істеу жүзеге асырылатын арнайы қондырғы; 34) ядролық материалдар – бөлiнетiн (ыдырайтын) радионуклидтерден тұратын немесе оларды шығаруға қабілетті материалдар; 35) ядролық физикалық қауіпсіздік – атом энергиясы пайдаланылатын объектілерге және (немесе) пайдаланушы ұйымға қатысты ұрлау, диверсия, рұқсатсыз қол жеткізу, заңсыз беру, жұмыс істеу фактілеріне немесе басқа да құқыққа қарсы әрекеттерге жол бермеуге, анықтауға және (немесе) ден қоюға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың бірыңғай жүйесінің жай-күйі. 2-бап. Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Респуб­ликасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халық­аралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. 2-тарау. АТОМ ЭНЕРГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 3-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемле­кеттік реттеу Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеу: 1) жеке және заңды тұлғалардың атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметіне; 2) атом энергиясы пайдаланылатын объектілердің өмірлік циклімен байланысты жұмыстарды орындау кезіндегі жеке және заңды тұлғалардың қызметіне; 3) ядролық сынақтар мониторингіне; 4) бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар салдарынан ластанған басқа да аумақтардағы қызметке; 5) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасына; 6) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды даярлауға және аттестаттауға қатысты қолданылады. 4-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеудің міндеттері және қағидаттары 1. Атом энергиясын пайдалану кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығын, олардың мүлкін тиімді қорғау, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету, ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздікті, ядролық қаруды таратпау режимін ұстап тұру атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеудің міндеттері болып табылады. 2. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеу: 1) атом энергиясын пайдалану кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету; 2) қауіпсіздікті қамтамасыз етудің атом энергиясын пайда­ланудың басқа аспектілерінен басымдығы; 3) атом энергиясы пайдаланылатын объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылаудың міндеттілігі мен үздіксіздігі; 4) атом энергиясы пайдаланылатын объектiлер қауіпсіздігінің жай-күйі мен халыққа және қоршаған ортаға әсерi туралы ақпараттың қолжетімділігі, объективтiлiгi және уақтылығы; 5) адамдардың өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне, сондай-ақ қоршаған ортаға атом энергиясы пайдаланылатын объектілердің радиациялық әсерімен келтірілген зиянды өтеудің міндеттілігі; 6) қоршаған ортаның нормативтен тыс радиоактивтік ластануына жол бермеу; 7) өзінің радиоактивті қалдықтарының кері импортын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердің радиоактивті қалдықтарының және пайдаланылып болған ядролық отынының импортына және олардың көмілуіне жол бермеу; 8) атом энергиясын пайдалану саласындағы қауіпсіздікті мемлекеттік реттеудің міндеттілігі қағидаттарына негізделеді. 3. Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғалардың ядролық қаруды әзiрлеу, жасау, шығару, сынау, сақтау немесе тарату мақсатында атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметiне тыйым салынады. 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді; 2) ядролық қондырғыларды және көму пункттерін салу ауданы, олардың құрылысы және құрылысын болғызбау туралы шешімдер қабылдайды; 3) ядролық қондырғыны пайдаланудан мерзімінен бұрын шығару немесе көму пункттерін жабу туралы шешім қабыл­дайды; 4) ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларын бекітеді; 5) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларын бекітеді; 6) ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналас­тыру алаңын таңдау қағидаларын бекітеді; 7) ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын бекітеді; 8) Қазақстан Республикасының аумағында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік инспекцияларын ұйымдастыру тәртібін айқындайды; 9) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республи­касының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды. 6-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті орган: 1) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асырады; 2) атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 3) атом энергиясын пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 4) атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады; 5) атом энергиясын пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді және бекітеді; 6) ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 7) иондандырушы сәулелену көздерін және сақтау пункттерін физикалық қорғау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 8) ядролық және радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару қағидаларын әзірлейді; 9) Қазақстан Республикасының аумағында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік инспекцияларын ұйымдастыру тәртібін әзірлейді; 10) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 11) ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 12) иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 13) радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 14) ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюдың ұлттық жоспарын әзірлейді; 15) ядролық материалдарды тасымалдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 16) радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 17) ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналас­тыру алаңын таңдау қағидаларын әзірлейді; 18) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлейді; 19) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналдың біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 20) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 21) халықтың және (немесе) қоршаған ортаның қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметіне ядролық қондырғыларды пайдаланудан мерзімінен бұрын шығару немесе көму пункттерін жабу туралы ұсыну енгізеді; 22) ядролық материалдарды, иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке қою немесе мемлекеттік есептен шығару туралы шешім қабылдайды; 23) ядролық материалдардың мемлекеттік есебін жүргізеді; 24) иондандырушы сәулелену көздерінің мемлекеттік есебін жүргізеді; 25) атом энергиясын пайдалану саласындағы экспорттық бақылауды жүзеге асырады; 26) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты, сараптама ұйымы ұсынған есеп-қисаптар әдістемесін келіседі; 27) көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияла­рын бекіту тәртібін айқындайды және көліктік қаптама комплек­тілерінің конструкциясын бекітеді, сондай-ақ бас­қа елдердің уәкілетті органдары бекіткен, Қа­зақ­стан Республикасының аумағында оларға серти­фикаттар-рұқсаттар күшін қолданады; 28) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз ету және ядролық сынақтар мониторингі жөніндегі зерттеулерді ұйымдастырады; 29) радиоактивті қалдықтарды және пайдаланылып болған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 30) атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін атом энергиясы пайдаланылатын объектінің Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау әдістері мен тәсілдеріне қатысты әдістемелік ұсынымдар әзірлейді және бекітеді; 31) әртүрлі радиоизотоптар үшін шекті белсенділік шамасы­ның мәнін белгілейді; 32) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңда­рында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 7-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мем­лекеттік бақылау Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында жүзеге асырылады. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізіледі. 3-тарау. АТОМ ЭНЕРГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ 8-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қыз­метті жүзеге асырудың жалпы шарттары 1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар: 1) атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті қызмет түріне лицензиясы болуға; 2) атом энергиясы пайдаланылатын объектілермен нысаналы жұмыс істеуді қамтамасыз етуге; 3) атом энергиясы пайдаланылатын объектінің жобалау және пайдалану сипаттамалары мен өлшемдерінің ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік экспорттық бақылау талаптарына және (немесе) ядролық қаруды таратпау режимінің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге; 4) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылымы және ішкі құжаттарының жүйесі болуға; 5) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес ядролық материалдарды есепке алу жөніндегі талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылымы және ішкі құжаттарының жүйесі болуға; 6) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу жөніндегі талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылымы және ішкі құжаттарының жүйесі болуға; 7) ядролық материалдарды есепке алу мен бақылауды қамтамасыз етуге және уәкілетті органға олардың бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы есептер ұсынуға; 8) иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылау­ды қамтамасыз етуге және уәкілетті органға олардың бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы есеп­тер ұсынуға; 9) уәкілетті органға ядролық, радиациялық немесе ядролық физи­калық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты жүйелердегі, жабдықтардағы, ядролық қондырғы құжаттамасындағы кез келген өзгерістер туралы хабарлауға; 10) уәкілетті органға ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікке байланысты авариялар мен оқыс оқиғалар туралы хабарлауға; 11) өмірлік циклінің бүкіл кезеңі ішінде ядролық қондырғыны қауіпсіз пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету үшін қажетті ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-тех­никалық ресурстарына ие болуға және білікті персоналы болуға; 12) ядролық қондырғыны пайдаланудан шығару, көму пунктін жабу, кейіннен кәдеге жарату, радиоактивті қалдықтарды көму, радиациялық авариялардың салдарын жою, адамдардың өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне, сондай-ақ қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету үшін қаржы құралдарын көздеуге; 13) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік талаптарын сақтауға; 14) атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде ядролық және радиациялық қауіпті жұмыстарға жіберілген жұмыскерлердің сәуле алу мөлшерін есепке алу мен талдауды жүргізуге және олардың өтемақы алу құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етуге; 15) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды даярлауды, біліктілігін сақтауды және уақтылы аттестаттауды жүзеге асыруға міндетті. 2. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерді пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың және (немесе) мұндай объектілердің меншік иелерінің атом энергиясы пайдаланылатын объектілерді басқа жеке және заңды тұлғаларға, егер бұл тұлғалардың атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті қызмет түріне лицензиялары болмаса, беруге құқығы жоқ. 3. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар қызметін тоқтатқан кезде қызметті қауіпсіз тоқтату жөніндегі мынадай іс-шараларды орындауға: 1) ядролық материалдарды және (немесе) иондандырушы сәулелену көздерін атом энергиясы пайдаланылатын объек­тілермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын, олармен жұмыс істеу­ге тиісті лицензиялары бар жеке және заңды тұлғаларға беруге; 2) радиоактивті қалдықтарды және (немесе) пайдаланылған радионуклидті көздерді сақтау немесе көму пункттеріне беруге; 3) пайдаланылып болған ядролық отынды сақтау немесе көму пункттеріне не атом энергиясы пайдаланылатын объектілермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын, ядролық материалдармен жұмыс істеуге тиісті лицензиялары бар заңды тұлғаларға беруге; 4) қоршаған ортаны қалпына келтіру, аумақтарды рекультивациялау, тоқтатылатын қызметті жүзеге асыру кезінде ластанған жабдықтар мен үй-жайларды активсіздендіру бойынша жұмыстар жүргізуге міндетті. 9-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау 1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау осы Заңға және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Алып қою деңгейінен жоғары атом энергиясы пайдаланылатын объектілермен қызмет лицензиялануға жатады. 2. Қызметтің түрлері: атом энергиясы пайдаланылатын объектілердің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау; ядролық материалдармен жұмыс істеу; радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу; иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу; радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу; ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, иондандырушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерiн, радиоактивтi қалдықтарды транзиттiк тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде тасымалдау үшін лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алуға өтінішті қарау мерзімі – ол ұсынылған күннен бастап: 1) радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттардағы ядролық қондырғылар, көму пункттері үшін – он айдан аспайды; 2) радиациялық қауіптілігі 3 және 4-санаттардағы ядролық қондырғылар, радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттардағы радиациялық және электрофизикалық қондырғылар үшін – бес айдан аспайды; 3) радиациялық қауіптілігі 3-санаттағы радиациялық және электрофизикалық қондырғылар үшін – алпыс жұмыс күнінен аспайды; 4) радиациялық қауіптілігі 4-санаттағы радиациялық және электрофизикалық қондырғылар үшін – қырық жұмыс күнінен аспайды; 5) пайдаланылып болған ядролық отынды, активтілігі жоғары радиоактивті қалдықтарды тасымалдау үшін – төрт айдан аспайды; 6) ядролық материалдарды тасымалдау үшін – елу жұмыс күнін; 7) активтілігі орташа, активтілігі төмен радиоактивті қалдықтарды, радиоактивті заттар мен жабық радиоактивті көздерді тасымалдау үшін – отыз жұмыс күнін құрайды. 3. Ядролық, радиациялық, электрофизикалық қондырғыларға қатысы жоқ иондандырушы сәулелену көздерімен немесе радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, сондай-ақ қызметтің түрлері: атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету; бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар салдарынан ластанған басқа аумақтардағы қызмет; ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау; ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау үшін лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру туралы өтініштерді қарау мерзімі отыз жұмыс күнін құрайды. 4. Лицензияға қосымшада лицензия берудің ерекше шарттары ретінде аспаптардың, қондырғылардың, материалдардың, заттардың, қалдықтардың түрі көрсетіледі, бұлармен лицензиат мынадай тізбе бойынша жұмыс жүргізеді: 1) ядролық отын және оның компоненттерін дайындайтын қондырғылар; 2) атом энергетикалық станциялары; 3) ядролық (атом) зерттеу реакторлары; 4) термоядролық реакторлар; 5) табиғи уран өндіретін және қайта өңдейтін қондырғылар; 6) активтілігі жоғары радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттері; 7) активтілігі орташа радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттері; 8) активтілігі төмен радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттері; 9) пайдаланылып болған ядролық отынды сақтау пункттері; 10) радионуклидті көздерді сақтау пункттері; 11) активтілігі жоғары радиоактивті қалдықтарды көму пункттері; 12) активтілігі орташа радиоактивті қалдықтарды көму пункттері; 13) активтілігі төмен радиоактивті қалдықтарды көму пункттері; 14) пайдаланылып болған ядролық отынды көму пункттері; 15) пайдаланылған радионуклидті көздерді көму пункттері; 16) изотоптық құрамы көрсетілген ядролық материалдар; 17) радиоактивті заттар; 18) радиофармпрепараттар; 19) нейтрон генераторлары; 20) құрамында уран бар заттар; 21) құрамында торий бар заттар; 22) табиғи уранның қайта өңделген өнімдері; 23) белсенділігі көрсетілген жабық радионуклидті көздер; 24) активтілігі жоғары радиоактивті қалдықтар; 25) активтілігі орташа радиоактивті қалдықтар; 26) активтілігі төмен радиоактивті қалдықтар; 27) радиоизотоптық спектрометрлер, талдағыштар, датчиктер, өлшеуіштер; 28) рентгендік спектрометрлер, талдағыштар, датчиктер, өлшеуіштер; 29) стационарлық радиоизотоптық дефектоскоптар; 30) көшпелі радиоизотоптық дефектоскоптар; 31) стационарлық рентгендік дефектоскоптар; 32) көшпелі рентгендік дефектоскоптар; 33) қол жүгін, багажды, көлікті, материалдарды, заттарды жете тексеруге арналған радиоизотоптық қондырғылар; 34) қол жүгін, багажды, көлікті, материалдарды, заттарды жете тексеруге арналған рентген жабдығы; 35) адамды жеке-дара жете тексеруге арналған рентген жабдығы; 36) энергиясы 10 МэВ дейін электрондарды үдеткіштер; 37) энергиясы 10 МэВ жоғары электрондарды үдеткіштер; 38) энергиясы 2 МэВ/нуклонға дейін иондарды үдеткіштер; 39) энергиясы 2 МэВ/нуклоннан жоғары иондарды үдеткіштер; 40) зарядталған бөлшектерді медициналық үдеткіштер; 41) жалпы мақсаттағы медициналық рентген қондырғылары; 42) медициналық рентгендік дентальдық жабдық; 43) медициналық рентгендік маммографиялық қондырғылар; 44) медициналық рентгендік ангиографиялық жабдық; 45) медициналық компьютерлік рентгендік томографтар; 46) медициналық радиоизотоптық диагностикалық жабдық; 47) медициналық рентгендік терапиялық жабдық; 48) медициналық рентгендік симуляторлар; 49) медициналық гамма-терапиялық қондырғылар. 5. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызмет түрлеріне лицензиялардың қолданылуы мынадай жағдайларда: 1) радиациялық авариялар және (немесе) оқыс оқиғалар кезінде; 2) тексерулер нәтижесінде анықталған ядролық және (немесе) радиациялық және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік, ядролық материалдарды, иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу талаптары бұзылған кезде; 3) лицензия алу кезінде лицензиат ұсынған материалдарда анық емес мәліметтер анықталған кезде; 4) уәкілетті органның нұсқамалары белгіленген мерзімдерде орындалмаған кезде алты айдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін. 6. Лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған кезде лицензиат ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жалғастырады. 7. Лицензияны тоқтата тұру немесе одан айыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 10-бап. Қондырғылардың радиациялық қауіптілік санаттары 1. Ядролық, радиациялық, электрофизикалық қондырғылар мынадай төрт радиациялық қауіптілік санатына бөлінеді: 1) 1-санат – авария кезінде олардың санитариялық-қорғау аймағының шегінен тысқары жерде халыққа радиациялық әсері болуы мүмкін қондырғылар; 2) 2-санат – авария кезінде радиациялық әсер олардың санитариялық-қорғау аймағының аумағымен шектелетін қондырғылар; 3) 3-санат – радиациялық әсері оларды орналастыру алаңымен шектелетін қондырғылар; 4) 4-санат – радиациялық әсері атом энергиясын пайдалана отырып қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыстар жүргізілетін үй-жайлармен немесе жұмыс орнымен ғана шектелетін қондырғылар. 2. Ядролық, радиациялық, электрофизикалық қондыр­ғылардың радиациялық қауіптілік санаттарын атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын және (немесе) қондырғылардың меншік иелері болып табылатын жеке және заңды тұлғалар радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес айқындайды. 3. Заңды тұлғалар ғана радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттардағы ядролық және радиациялық қондырғылардың, сондай-ақ электрофизикалық қондырғылардың меншік иелері бола алады. 11-бап. Радионуклидті көздердің қауіптілік санаттары 1. Радиациялық қорғануды оңтайландыру және ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында радионуклидті көздер адамға қауіпті әсер туғызатын шекті белсенділікке көздің белсенділігінің қатысымен айқындалатын бес қауіптілік санатына бөлінеді: 1) 1-санат – белсенділігі шекті белсенділікке қатысты 1000-нан астам мәнге ие көздер; 2) 2-санат – белсенділігі шекті белсенділікке қатысты 10-нан 1000-ға дейінгі мәнге ие көздер; 3) 3-санат – белсенділігі шекті белсенділікке қатысты 1-ден 10-ға дейінгі мәнге ие көздер; 4) 4-санат – белсенділігі шекті белсенділікке қатысты 0,01-ден 1-ге дейінгі мәнге ие көздер; 5) 5-санат – белсенділігі алып қою деңгейінен жоғары мәнге ие және белсенділігі шекті белсенділікке қатысты 0,01-ден кем мәнге ие көздер. 2. Әртүрлі радиоизотоптар үшін шекті белсенділік шама­сының мәндерін уәкілетті орган белгілейді. 12-бап. Ядролық қондырғылар мен көму пункттерін салу 1. Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін салу және салу ауданы туралы шешімді аумағында қондырғыны немесе көму пунктін салу жоспарланатын жергілікті өкілді органдардың келісімімен Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) елдің және оның жекелеген өңірлерінің шаруашылық міндеттерін шешу үшін оларға деген қажеттіліктерді; 2) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарына сай келетін көрсетілген объектілерді орналастыру үшін қажетті жағдайлардың болуын; 3) жақын орналасқан азаматтық және әскери объектілер тарапынан көрсетілген объектілерге қауіпсіздік қатерінің жоқ екендігін; 4) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген талаптарды; 5) көрсетілген объектілерді орналастырудың өңірдің өнеркә­сіптік, ауыл шаруашылық және әлеуметтік дамуына ықтимал әлеу­меттік және экономикалық салдарын ескере отырып, қабылдайды. 2. Салу және салу ауданы туралы шешім қабылданғаннан кейін ядролық қондырғыны немесе көму пунктін орналастыру алаңын таңдау жұмыстары жүргізіледі. 3. Ядролық қондырғыны немесе көму пунктін орналастыру алаңы: 1) табиғи және (немесе) техногендік сипаттағы ықтимал сыртқы әсерлер; 2) радиоактивті заттардың ықтимал көшірілуі; 3) ядролық қондырғыны немесе көму пунктін пайдалану нәтижесінде немесе оқыс оқиғалардың немесе авариялардың туындауы салдарынан халыққа және қоршаған ортаға келтірілетін нұқсанды болғызбау мүмкіндігі ескеріле отырып, айқындалуға тиіс. 4. Ядролық қондырғыны немесе көму пунктін жобалау, салу және пайдалануға беру осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 5. Ядролық қондырғылардың және көму пункттерінің жобалау құжаттары міндетті түрде мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардан өткізіледі. 6. Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін салуға заңды тұлғаларға ғана рұқсат етіледі. 7. Ұлттық қауіпсіздікке қатер төнген жағдайларда, Қазақстан Республикасының Үкіметі ядролық қондырғыны немесе көму пунктін салуды тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы. 13-бап. Ядролық физикалық қауіпсіздік 1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланушы ұйым ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. 2. Ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында атом энергиясы пайдаланылатын объектілерді физикалық қорғау жүзеге асырылады, ол: 1) атом энергиясы пайдаланылатын объектіні ядролық материалдарды рұқсатсыз алып қоюдан, ұрлаудан немесе ядролық қондырғыны заңсыз басып алудан қорғауды; 2) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерді диверсия­дан қорғауды; 3) атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде болуы ықтимал диверсияның радиологиялық салдарын жеңілдетуді немесе барынша азайтуды қамтамасыз етуге тиіс. 3. Радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттардағы ядро­лық қондырғыларды күзетуді ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері жүзеге асырады. 14-бап. Ядролық материалдар мен иондандырушы сәуле­лену көздерiн мемлекеттік есепке алу 1. Ядролық материалдар мен иондандырушы сәулелену көздерi уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттiк есепке алынуға жатады. 2. Ядролық материалдар мен иондандырушы сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алу ядролық материалдардың, иондандырушы сәулелену көздерінің қолда бар санын, олармен жұмыс істеу кезінде олардың орын ауыстыруын және орналасқан жерін айқындауды қамтамасыз етеді. 3. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органға ядролық материалдар мен иондандырушы сәулелену көздерiнің бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы есептерді ұсынады. 4. Уәкілетті орган иондандырушы сәулелену көздерінің бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы алынған ақпаратқа талдау мен салыстыруды жүзеге асырады және оны иондандырушы сәулелену көздерінің тізіліміне енгізеді. 15-бап. Атом энергиясын пайдалану саласында экспорт пен импортты жүзеге асыру 1. Ядролық және арнайы ядролық емес материалдардың, жабдықтардың, қондырғылардың, технологиялардың, иондандырушы сәулелену көздерінің, қосарлы қолданылатын (мақсаттағы) жабдықтардың және тиісті тауарлар мен техно­логиялардың, оларды шығаруға байланысты жұмыс­тардың, көрсетілетін қызметтердің экспорты мен импорты уәкілетті органның келісуі бойынша экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылады. 2. Өнімнің немесе зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерінің экспортына, егер мұндай өнім немесе зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелері ядролық қаруды немесе оның компоненттерін әзірлеуде, жасауда, сынауда және беруде пайдаланатындығы экспорттаушыға анық белгілі болса, тыйым салынады. 3. Атом энергиясын пайдалану саласындағы экспорттық бақылаудың нормалары мен талаптарын қамтамасыз ету мақсатында экспорттаушылар Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасына сәйкес фирмаішілік экспорттық бақылау жүйелерін құрады. 16-бап. Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды және радиоак