• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №1139 

306 рет
көрсетілді

2015 жылғы 30 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі «Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 9, 84-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларында: 4-тармақтың 4) тармақшасының отызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қылмыстық-атқару жүйесі ведомстволарындағы, мекемелеріндегі, органдарындағы, кәсіпорындарындағы және білім беру ұйымдарындағы (жоғары оқу орындарын қоспағанда), 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларындағы және 2004 жылғы 30 шілдеден бастап қылмыстық-атқару жүйесінің жоғары оқу орындарындағы қызмет, сондай-ақ 2012 жылғы 18 ақпаннан бастап қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Ішкі әскерлері, Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің қызметі;». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.