• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 12:13

Жедел жәрдем қызметкерлері жылына 8 миллион адамға көмек көрсетеді

30 рет
көрсетілді

Жыл сайын 28 сәуірде Жедел медициналық жәрдем қызметі қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Бұл кәсіби мереке – адам өмірін арашалау үшін тәулік бойы тынымсыз еңбек ететін мамандардың еңбегін айшықтайтын күн, деп жазады Egemen.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың өзінде жедел медициналық жәрдем қызметі 8 млн-нан астам шақыртуға қызмет көрсеткен. Ал биылғы жылдың алғашқы үш айында бұл көрсеткіш шамамен 1,8 млн-ға жеткен.

Жедел медициналық жәрдем – денсаулық сақтау жүйесінің ең маңызды әрі жауапты буындарының бірі. Бригадалар шақыртуға бірінші болып жетіп, науқастың өміріне қауіп төнген мезетте жедел әрі білікті көмек көрсетеді. Мұндай жағдайда әр минуттың бағасы жоғары.

Қазіргі таңда Қазақстанда жедел жәрдем қызметі 20 дербес станциядан, 93 қалалық кіші станциядан және 189 аудандық бөлімшеден тұрады. Олар халыққа тәулік бойы үздіксіз қызмет көрсетеді. Ал жүйенің жұмысын Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы үйлестіреді.

Ішінде жүкті әйел болған: Ақтөбеде жедел жәрдем көлігі аударылды

Облыстық және қалалық деңгейде бір ауысымда 1 652 көшпелі бригада жұмыс істейді. Оның ішінде 16% – дәрігерлік, 84% – фельдшерлік бригадалар.

2025 жылдың қорытындысы бойынша жедел жәрдем бригадаларының қатысуымен ауруханаға дейінгі өлім көрсеткіші 0,2%-ға төмендеген. Сонымен қатар сәтті реанимация көрсеткіші 7,9%-ға артқан.

Жалпы, жедел медициналық жәрдем қызметі ел тұрғындарына шұғыл көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ететін жүйенің негізгі тірегі болып қала береді. Соңғы жылдары бұл саланы дамытуға ерекше көңіл бөлініп, автопарктар жаңартылып, цифрлық шешімдер енгізіліп, мамандардың біліктілігі арттырылып келеді.

Алматыда жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Соңғы жаңалықтар