• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 12:29

Адамдарға қарай бағытталған: Алматы саябағында отшашу атқандарды полиция іздеп жатыр

50 рет
көрсетілді

Алматы полициясы Ганди саябағында болған отшашуға қатысты тексеру жұмыстарын бастады. Куәгерлердің айтуынша, пиротехника салынған қорап аударылып қалып, снарядтар жан-жаққа, соның ішінде адамдарға қарай ұшқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға Threads әлеуметтік желісінде жарияланған жазбадан кейін белгілі болды. 

«Бізге қарсы дәмханадан отшашу қораптарын ұстаған адамдар шықты. Бірнеше минуттан кейін олар отшашуды тікелей саябақтың ішінде ата бастады. Бірақ бірдеңе дұрыс болмай қалды. Қорап аударылып кетіп, снарядтар жан-жаққа ұшып, айналасындағы адамдарды «оқшаулай» бастады», деп жазды жазба авторы.

Алматы қалалық Полиция департаменті Алмалы аудандық басқармасы бұл дерек бойынша тексеру жүргізіп жатқанын растады. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысушылар мен барлық мән-жайлар анықталып жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша кінәлі тұлғалардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады.

Қандай аумақта отшашуды атуға тыйым салынады?

Айта кетерлігі, 102-ге бұл оқиға бойынша ешқандай хабарлама түспеген. Тәртіп сақшылары мұндай жағдайларда дереу полицияға хабарласу қажеттігін ескертеді. 

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Соңғы жаңалықтар