• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2016

Қарағандыда «Автобус» алдын алу іс-шарасы басталды

257 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 20 қаңтар. Қарағанды облысында Ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің күшімен 19-21 қаңтар аралығында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы өтеді. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Бүгінгі таңда қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай сақтауы өзекті мәселенің бірі болып отыр. Өткен жылдың өзінде Қарағанды облысында қоғамдық көлік жүргізушілерінің қатысуымен 35 жол-көлік оқиғасы болған. Салдарынан 10 адам қайтыс болып, 46 адам түрлі деңгейдегі дене жарақатын алды. Аталған іс-шара барысында жергілікті полиция қызметкерлері қоғамдық көлік қызметінің жұмысын тексеріп, жол ережелерінің сақталуын қатаң бақылауға алатын болады. Қайрат Әбілдинов. Дерек, сурет: Қарағанды облыстық Ішкі істер департаменті