• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2016

Жамбыл облысында сәбиді лақтырған әйел 20 жылға сотталуы мүмкін

247 рет
көрсетілді

ТАРАЗ. 20 қаңтар. Құқық қорғау органдарының айтуына қарағанда Жамбыл облысында сәбиді жолға лақтырған әйел 20 жылға сотталуы мүмкін. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Дәл қазір шақалақты өлтіріп қолын қанға бояған әйел қамауда отыр. Такси жүргізушісі де екі баппен айыпталуда. Қылмысты біле тұра хабар бермегендіктен енді 13 млн. теңге айыппұл төлейді, болмаса 6 жылға абақтыға айдалады. Бұған дейін сәбидің әкесі делінген ер адам ұсталғанын айтқан болатынбыз. Ол да Талас ауданы Үшарал ауылының тұрғыны. Қаратау қаласындағы колледжде оқиды екен. Ол бастапқыда үйленемін деп, кейін жүкті қыздан бас тартқан. Соңғы ақпараттарға қарағанда жігіт пен қыздың ата-аналары келісімге келіп, екі жасты үйлендірмек боп отырған көрінеді. Ауруханада жатқан жас қыздың денсаулығы түзеліп келеді.   Оралхан Дәуіт. Дерек, сурет: egemen.kz