• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2016

Грекияда футбол матчы кезінде алаңға кейуана шықты (видео)

232 рет
көрсетілді

АСТАНА. 20 қаңтар. Грекияда футбол ойыны кезінде қызықты жағдай болды. Жас жеткіншектер арасындағы турнирдің кезекті ойынында асықпай, аптықпай алаңды кесіп өткен әжей матчқа кедергі келтірді. Бұл туралы eurosport.ru-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ойынды тоқтатуға мәжбүр болған жас футболшылар әжейдің өтіп кетуін күтіп тұрды. Сонда да өзінің келеңсіз жағдайдың себепшісі екеніне еш қысылмаған кейуана асыққан жоқ. Жалпы, футболда мұндай күтпеген жағдайлар жиі болып тұрады. Солардың бірі 2014 жылы Перуде ел кубогы үшін өткен ресми кездесуде тіркелген еді. Атап айтқанда, сайыстың негізгі кезеңіне шығу үшін өткізілген аймақтық іріктеу турнирінде Инамбари-Мазуко өңірінің екі командасы сынға түсті. Ойынның ортасында өрістен қайтқан сиырлар алаңның үстімен өтіп, нәтижесінде төреші матчты бірнеше минутқа тоқтатты. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: eurosport.ru.