• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2016

Павлодарда нұротандықтар белсенді іске кіріспек

182 рет
көрсетілді

ПАВЛОДАР. 20 қаңтар. Павлодарда «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында фракция басшысы Айман Оспанованың жетекшілігімен партияның облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциясы Президиумының кеңейтілген отырысы өтті. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Отырыста 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында облыстағы ауылдарды орталықтандырылған сумен қамту жүйесінің жайы талқыланды. «Бағдарлама аясында өткен жылы жоспарланған 19 жобаның екеуі, Ертіс және Жолқұдық ауылдарында іске қосылды. Қалғаны экономикалық жағдайдың қолайсыздығынан оңтайландырылды», – деді облыстық экономика және бюджеттік жоспалау басқармасының басшысы Талғат Шәріпов. Жиын барысында Павлодардың еліміз бойынша ауылдардың сумен қамтылуы жөнінен соңғы орында екені айтылды. Сондықтан да депутаттар сөзден іске көшіп, ауылдарға су жеткізейік десті. Фарида Бықай. Дерек: egemen.kz. Сурет: Айбек Жұматов.