• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2016

Қызылордада қашқын жүргізуші полицияның көлігімен соғысты

501 рет
көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 20 қаңтар. Жол-парульдік полиция батальоны қызметкерлері «Мерседес Бенц» маркалы автокөлік жүргізушісін тоқтатады. Ал ол қаша жөнелген. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. ОІІД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көлік жүргізушісі 2013 жылдың 23 ақпанында ҚР ӘҚБтК-нің 467-бабы, 1-бөлігі, яғни автокөлікті мас күйінде жүргізу фактісі бойынша сот шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылған. Алайда, автокөлікті құжатсыз басқарған жүргізуші Жібек жолы көшесінің бойындағы жол-патрульді полиция батальоны қызметкерінің тоқтау жайлы бұйрығына бағынбай, тоқтамай кетеді. Жол-патрульдік полиция батальоны тез арада ЖППБ-ның кезекші экипажына бағыттама беріп, Әубәкіров көшесі бойында қарама-қарсы бағытта келе жатқан «Мерседес Бенц» маркалы автокөлігін байқап, тоқтауға белгі берген. Алайда, «Мерседес Бенц» маркалы автокөлігін жүргізуші қашуға әрекеттеніп, қарама-қарсы бағытта келе жатырған «Skoda» маркалы қызметтік автокөліктің жолына шығып, соғады. Қазір осы дерекке қатысты толық тексеру жұмыстары жүргізілуде. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: egemen.kz