• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2016

Алматының 1000 жылдығына 1000 қайырымды іс жасалады

240 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 20 қаңтар. «Алматының 1000 жылдығы – 1000 қайырымды іс» жоспары аясында мегаполистегі G38 жастар ұйымы бизнес-қауымдастықпен, үкіметтік емес ұйымдармен және алматылықтармен ұдайы қарым-қатынаста болып, көмекке мұқтаж жандарға мың түрлі мейрімділік пен қайырымдылық көрсетпек. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Осынау акция Ұлы Отан Соғысының ардагерлерін, қарттарды, тұрмысы нашар отбасылар мен көп балалы үйлерді қамтиды деп күтілуде. Қайырымды жастар балалар үйлеріне де барып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қарайласатын болады. Мың мейірімге толы тірліктің ішіне үй жинап беру, қолғабыс ету, азық-түлік сатып әперу, санаторийлерге жолдама ұйымдастыру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау мекемелерінде емделуге септесуден бастап, бәрі-бәрі кіреді. Акцияны ұйымдастырушылар осынау сауапты іске қала студенттерін де тартып, оларды жұмыспен қамтамасыз етуді көздеп отыр. Аталмыш акция бүгін 20 қаңтарда Алматыдағы Оқушылар сарайынан бастау алып, жыл аяғына дейін жалғасады.   Айнаш Есали. Дерек, сурет: egemen.kz.