• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2016

Путин Еуропа елдері еврейлерін Ресейге келуге шақырды

283 рет
көрсетілді

АСТАНА. 20 қаңтар. Ресей президенті Владимир Путин соңғы кездері Еуропа елдерінде өсіп бара жатқан антисемитизм көріністері мен мұсылман-мигранттар тарапынан зорлық-зомбылықты көбірек тартып жүрген еврейлерді Ресейге келіп тұруға шақырды. Бұл туралы «Интерфакс» ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Мемлекет басшысының Еуропа еврейлер конгресінің өкілдерімен кездесуі барысында осы ұйымның президенті Вячеслав Кантор қазір Еуропадағы еврейлердің жағдайы Екінші дүниежүзілік соғыстың кезіндегіден де нашар екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, үстемдік пен өктемдіктің өсуінен бұл нәсілдің өкілдері жан-жаққа қашып жатыр. «Онда бізге келсін. КСРО кезінде кетіп қалды ғой, енді қайта оралсын. Мен олардың қоғамдық орындарда кипа киіп жүруден де қорқатындарын, тіпті өздерінің ұлттарын жасыратындарын репортаждардан көрдім», - деді Путин. Дегенмен, ол Еуропадағы ахуалдың тап осыншама деңгейде нашар екеніне күмәні бар екенін де білдірді. Сөзінде еврейлердің нацизмді әшкерелеу бағытында атқарып жүрген жұмыстарына алғыс айтты. Президент ұсынысына Кантор мұның «жаңа прниципті фундаментті идея» екенін айтып жауап қайтарды. Конгресс басшысы мұны ұйым мүшелерімен бірге талқылайтындарын жеткізді. Еуропа еврейлерінің конгресі – құрлықтың 42 елінде тұратын еврейлер мүддесін қорғайтын үкіметтік емес ұйым. Ол 1986 жылы құрылған. Мұрат Айтқожа. Дерек, фото: Интерфакс.