• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2016

Италияның әйгілі режиссері қайтыс болды

330 рет
көрсетілді

АСТАНА. 20 қаңтар. Италияның белгілі режиссері, сценарист Этторе Скола 85 жасында қайтыс болды. Бұл туралы vesti.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Этторе Скола 1931 жылы 10 мамыр күні Италияның Тревико қалашығында дүниеге келген. Рим университеттерінің бірінде заңгер мамандығын оқып жүріп, «Марк Аврелий» әзіл-оспақ журналында суретші болып қызмет етті. Осыдан кейін ол «Оскар» сыйлығының бес дүркін иегері Федерико Феллинимен танысты. 1953 жылы сценарист ретінде еңбек жолын бастады. Ал 1964 жылы алғашқы рет режиссерлігімен Se permettete parliamo di donne атты комедиялы фильм түсірілді. Этторе Скола бүкіл мансабында 90-ға жуық сценарий жазған. Олардың басым бөлігі Еуропаның классик фильмдеріне арналды. Продюсерлік, актерлік қырынан да көріне білді. 1975 жылы әйгілі режиссер Мәскеу кинофестивалінің басты сыйлығын C'eravamo tanto amati фильмі үшін алды. Ал 1976 жылы Канн кинофестивалінде Brutti, sporchi e cattivi үшін «Алтын пальма бұтағы» жүлдесін жеңіп алды. Сондай-ақ, «Сезар» сыйлығының бірнеше дүркін жеңімпазы атанған. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: vesti.ru.