• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2016

Астана футбол федерациясының қазақ тілі бөлімі ашылды

387 рет
көрсетілді

АСТАНА. 20 қаңтар. Астана қаласы футбол федерациясы сайтының мемлекеттік тілдегі нұсқасы ашылды. Ол sportsffa.kz/kz деп аталады. Бұл туралы журналист Нұрғазы Сасаевтың Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Сүйінші! Қазақ футболы туралы жаңа сайт! Биссимилахи - деп, жаңа істі бастадық. Астана футбол федерациясының қазақ тілі бөлімін ашып жатырмыз. "Басты бет орысша ашылады екен", - деп сөкпеңіздер. Әу баста орыс тілінде жүргізілген сайт қой. Бірнеше мың оқырманы да бар... Енді қазақ тілді оқырмандарды тартып, ана тіліміздегі жанашырлар саны көбейіп, орыс тілді оқырмандар қарасымен теңесіп жатса, онда басты бет қазақша ашылатын болады. Солай келісіп, жоспарлап отырмыз. Сондықтан "қазақ футболы туралы дерек көздер көбейсін" деген ер-азаматтар болса, қолдайды деп үміттенеміз. Жоспарлап отырған жобаларымыз да көп. Астана футболының тыныс-тірлігімен қатар, қазақ футболының да сараптамалық тұрғыдағы насихатшысы болсақ дейміз. "Бірлесе көтерген жүк жеңіл" дейді қазекем, ендеше, сіздердің рухани қолдауларыңыз біз үшін - өте маңызды әрі қажет...», деді Нұрғазы Сасаев әлеуметтік желідегі парақшасында. Дастан Кенжалин. Дерек: egemen.kz Сурет: sportsffa.kz/kz