• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2016

«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорны еңбекақыны өсірді

362 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 20 қаңтар. Қарағанды облысындағы алпауыт кәсіпорын «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы жұмысшыларының еңбекақысы өсті. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «АрселорМиттал Теміртау» басшылығы мұндай шешім қабылдау барысында ұжымдық келісім-шартты негізге алған. Осылайша, биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап Көмір және Болат департаменттері, «Өркен» ЖШС және «Құрылысмет» ЖШС жұмысшыларының еңбекақысы 6,8% өсті. Қайрат Әбілдинов. Дерек, сурет: «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының баспасөз қызметі.